Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жұмыссыз қалған жағдайда несиені төлемеуге бола ма?

Жұмыссыз қалған жағдайда несиені төлемеуге бола ма?

Банктен 2 жыл мерзімге кредит алған едім, бірақ жақында қысқаруға ұшырап, жұмыссыз қалдым. Қазір кредитті төлеу мүмкіндігім жоқ. Төлемесем бола ма?

Жарқын Әліқожа, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Қайырлы күн, Жарқын. Жұмыссыз қалу кредитті төлемей қоюдан құтқармайды. Сіздің қолыңыздағы банкпен жасасқан Келісім-шартта форс-мажорлық жағдайларда не істеу керектігі жазылған болуы керек. Егер ол жерде анық жазылмаса кредит берген банкке барып, төлем қабілетіңіздің уақытша жоқтығын түсіндіріп, арыз жазу керек. Арызға жұмыссыздығыңызды дәлелдейтін құжаттарды қоса ұсынған дұрыс. Бірақ әр банкте мұндай жағдай әртүрлі қарастырылады. Кейбірі кредитті қайта құрылымдап, айлық төлемді азайтуы мүмкін және басқа да жеңілдіктер болуы мүмкін. Бұл үшін банкпен хабарласқан жөн. Несиені төлеу туралы ескертулер мен телефон қоңырауларына жауап бермеу, банкке бармау жауапкершіліктен құтқармайды. Кредит заң аясында рәсімделіп берілгендіктен банк оны қайтару жолдарын қарастырады.


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (кредит, проблемалық кредит, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Күрделі мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына, WhatsApp арқылы +7 775 4766145 телефонына жолдауды сұраймыз.

Похожие материалы