Футурологтар жыл сайын 2050 жылы әлем қалай өзгеретіндігіне болжамдар жасайды. Бұл болжамдар көбіне әлемдік экономиканың өзгеруі турасында, геосаясатта, климатта немесе басқа да факторларға байланысты бір-бірімен қайшы келіп жатады. Дегенмен күмәнді кері ысырып, жүзжылдықтың ортасында әлемдік экономика қандай болатындығы туралы болжаммен танысып көрейік.
HSBC-тің пікірінше, Мексика Францияны, Канаданы, Испанияны, Оңтүстік Корея мен Италияны артқа тастап, ең бай мемлекеттердің ондығына кіреді. Германия 2050 жылы Еуропадағы экономикасы ең мықты ел болады және әлемнің ең бай мемлекеттерінің бестігінде тұрады. Алайда, рейтингте Үндістан Германияны басып озады.
Болжам бойынша, 2050 жылы экономикасы жағынан бірінші орында Қытай, екінші орында АҚШ тұрады. Ал үштікті Үндістан аяқтайды.
Бірақ PwC сарапшыларының болжамынша, жүзжылдықтың ортасына таман Үндістан АҚШ елдерімен екінші орынға бәсекелесуі мүмкін. Баяу қарқынмен дамушы ел – Жапония болады. Ол жетінші орынға тұрақтайды.
Әлемдік экономикаға ең көп әсер ететін фактор - халық саны. Планета тұрғындарының санына келгенде футурологтардың пікірлері әр түрлі. Бірақ барлығы да халық саны 10 млрд-қа жетеді деп болжап отыр. Тұрғындар саны бойынша Үндістан көш бастайды, одан кейін Қытай, ал үшінші орында АҚШ тұрады. Бірақ бұл болжамдарда әскери қақтығыстар, эпидемиялар және экологиялық апаттар сынды болуы мүмкін әртүрлі факторлар ескерілмеген.
Сонымен қатар, Осло футурологтарының айтуынша, бұрынғы КСРО мемлекеттеріне қауіп төнеді. Себебі, онда жер көп ал халық саны өте аз. Бұл өлімнің көптігі мен туу деңгейінің төмендеуі және эмиграция деңгейінің жоғарылауымен байланысты. Ал басқа сарапшылар бұл уақытқа дейін Қазақстандағы халық саны 19 млн-нан 22,5 млн-ға дейін құрайды деп болжап отыр.
Standard & Poor’s (S&P) сараптамасы бойынша, қарттар санының көбеюі де әлемдік экономикаға әсер ететін болады. Бұл дамушы елдердегі қаржы жағдайларын қиындатады және мемлекеттік қарыздардың өсуіне алып келеді.
Барлығы 58 елге қатысты сараптама жасалды. Нәтижесінде 2050 жылы мемлекеттік қарыздар дамушы елдерде орташа есеппен 42 пайыздан 136 пайызға дейін, ал дамыған елдерде 134 пайызға дейін өседі. Бразилия, Қытай, Жапония, Ресей, Сауд Арабиясы және АҚШ-та қарыз көлемі 250 пайызды құрайды (ЖІӨ).
Әскери қақтығыстардың да шығындары қысқарады. 2050 жылы дүние жүзі мемлекеттерінің 7 пайызы ғана қақтығыста болады. Оған себеп жоғары білімнің таралуы, туылу деңгейінің төмендеуі, жастар үлесінің азаюы.
Астық көлемі 10 пайызға төмендеп, бағасы қымбаттайды. Онымен қоса, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары мұхиттың қатты ластанатындығын айтқан еді. Сондықтан теңіз өнімдерінің құны да өседі деп болжап отыр.
Business Insider мұнай құны қатты жоғарылайды деген болжам жасады. Жанармай бағасы бір баррельге 200 долларға дейін көтеріледі. Бірақ Climate Action Tracker тобының айтуынша, ол уақытқа дейін жанармаймен және дизельдік отынмен жүретін автокөліктердің орнын электромобилдер басады.
Мөлдір ИМАНМАДИ "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024