Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz - Соңғы кезде әлеуметтік желіде "2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО Кеден кодексі күшіне енсе, Ресей мен Экономикалық одаққа мүше басқа елдерден Қазақстанға автокөліктерді экологиялық класстарға шектеуге қарамастан алып келуге болады", деген ақпарат тарады. "Мұның салдарынан автокөлік арзандайды екен", деген сөз де айтыла бастаған.
Мұндай жағдай үш жыл бұрын болған еді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық одақ елдерінен әкелінетін автокөлікке салынатын ҚҚС алынып, Кедендік одақтың техникалық регламенті іске қосылған кезде Ресейден көлік тасымалдау күрт артқан еді. Нәтижесінде Қазақстандық автокөлік салондарындағы сату көлемі күрт түсіп, екінші дегейлі нарық ескі көлікке толған.
Жарты жылдан кейін ҚР Инвестиция және даму министрлігі жергілікті автоөндірушілерді құтқару үшін № 342 бұйрықты шығарып, ҚР аумағында Евро-4 экологиялық классынан төмен, АБС және көлденең қауіпсіздік жастығы, күндізгі жарық оттары қарастырылмаған автокөліктерді тіркеуге тиым салды. Бұдан кейін бірінші кезекті тіркеу құны мен утилизациялық алым құнын көтеріп ЕАЭО аумағынан көлік тасымалдауға мүлдем тоқтау салды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024