
Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,1%-ды құрады, — деп хабарлайды ҰЭМ Статистика комитеті.
ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 37,9%, қызметтер – 53,9% құрайды.
ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.
ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.