
Алматы. 10 шілде. 7kun.kz – Жамбыл облысында қаржыландыру мәселесіне байланысты 890 млн теңгенің жобасы тоқтатылды. Бұл туралы аймақтық инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы хабарлады.
Жыл соңына дейін Мойынқұм ауданында натрий сульфаты мен йодталған тұз өндіру зауытын іске қосу жоспарланған. Кәсіпорынның қуаты 5 мың тонна натрий сульфатын және 20 мың тонна йодталған тұзды құрауы тиіс болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан басқа, Қызылорда облысында құны 2,9 млрд теңге болатын тұзды өндіру, өңдеу және байыту кешенін іске қосу мерзімі кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025