Тараз. 21 қаңтар. 7 kun.kz - Жамбыл ауданындағы «Оңтүстік халал ет өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің етті қайта өңдеу кешені іске қосылмақ. Нәтижесінде облыстағы мал бордақылау алаңдары шикізатпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірілік филиалында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын және бес институттық реформаны түсіндіруге бағытталған брифингте облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Анабеков Еркебұлан мәлімдеді.
Жамбыл облысы өткен жылы басты салада табысты жыл болды. Былтырғы жылы 241,6 мың гектар масақты дәнді дақылдар егін орағына түсіп, әр гектардан алынған орташа өнім 16 центнерді құрады және 385,7 мың тонна астық бастырылып, 182,7 мың тонна өнім артық алынды. Қазір аудандардағы ірі агроөнеркәсіптер, шаруа қожалықтар жаңа жылдың өніміне негіз қалауға кірісіп кетті. Егіс алқаптарында қысқы агротехникалық шаралар қолға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
«Нақты жүз қадам» бағдарламасының 60-шы қадамында сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту бойынша алдағы үш жылда атқарылатын міндеттер нақтыланса, 61-ші қадамында ет өндірісі мен өңдеуді дамыту міндеті қойылды. Аталған міндеттерді орындау мақсатында 2015 жылы Шу ауданындағы «Айшот» шаруа қожалығы күніне 2,5 тонна сүт өңдейтін шағын сүт цехын іске қосса, Байзақ ауданындағы «Ағали» шаруа қожалығы күніне 3,0 тонна сүт өнімдерін өңдеп шығаратын шағын цехын қазан айында іске қосты. Одан бөлек үстіміздегі жылы Т.Рысқұлов ауданындағы «Астана» шаруа қожалығы мен Меркі ауданындағы «Севиль-Меркі» ЖШС-де сүт өңдеу цехын іске қосуды жоспарлауда. 2015 жылы 227,5 мың тонна тауарлы сүт өндіріліп, оның 96,5 мың тоннасы қайта өңделіп, нәтижесінде облыста өндірілетін сүтті қайта өңдеудің үлесі 40,0 пайыздан 53,0 пайызға ұлғайған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024