Жамбыл облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 227 млрд теңге болды

Тараз. 11 сәуір. 7kun.kz - Жамбыл облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 227 млрд теңгені құрады. Бұл туралы облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев Өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигте мәлімдеді.
«2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы салынған инвестициялардың көлемі 227 млрд. теңгені құрады. 2014 жылмен салыстырғанда 5,9% - ға өсті.Өткен жылы шетелдік инвесторлармен көлемі 3,2 млрд. АҚШ долл. құрайтын 17 инвестициялық жобаларға келісімдер жасалды», - деді К.Көкрекбаев.
Оның айтуынша, 2015 жылы облыста «United Green» британдық компаниясы бастаған шетелдік инвесторлар қатыстырылып «BurnoeSolar-1» атты 50 мегаватт қуат өндіретін күн электр станциясы салынды. Жобаның құны - 125 млн доллар. Бұл нысан Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы болып табылады.
Сондай –ақ, Жамбыл облысында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Онда каустикалық сода мен хлор, үш хлорлы фосфор, глифосат, пестицидтер, метанол өндіретін жобаны іске асыру басталды. Инвестицияның жалпы құны 256 722 млн теңге.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025