Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – Сбербанк пен «Даму» КДҚ» Жамбыл облысында «Богатое» күнбағыс майы өндіретін кәсіпорынға қаржылай көмек берді.
Енді кәсіпорын күнбағыс майы өндірісі үшін қосымша жабдық сатып алып, өндіріс қуатын арттырмақ.
«Азық-түлік өнеркәсібін дамыту республика экономикасы үшін басым міндеттердің бірі болып табылады және біздің банк әрқашан болашағы зор жобаларды қолдауға дайын. Күнбағыс майы өндірісін кеңейту аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуына жағымды әсерін тигізеді. Біз үлкен дайындықпен бұл жобаны қолдадық, ол елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», - дейді
қаржыландырушы банк басшысының корпоративтік бизнес жөнідегі орынбасары Елдар Теңізбаев.
Жеке кәсіпкер Болат Есенбаев өз қызметін 2004 жылы
«Шымкентмай» АҚ компаниясында өсімдік майын сатудан бастаған. Ісі ілгері басқан ол - 2006 жылы 2 жеке өндірістік базасын іске қосты. Бүгінгі таңда Болат Маратұлы Жамбыл облысында сатылатын
«Богатое» күнбағыс майын шығарады.
«Біздің кәсіпорын жоғары сапалы күнбағыс майын шығарады, осының арқасында сатып алушылардың сұранысы артуда. Біз өнім сапасын сақтай отырып, шығарылым көлемін арттырғымыз келеді. Сбербанк пен «Даму» ҚДҚ» тарапынан қаржылық көмек алып, біз кәсіпорнымыздың жабдығын жетілдіре және жаңарта аламыз. Бұл біздің кеңейіп келе жатқан кәсіпорнымыз үшін үлкен қолдау», - деді кәсіпорын басшысы Болат Есенбаев.
Жобаны қаржыландыру ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 -2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына септігін тигізеді және қазақстандық нарықтың шетелден сатып алу тәуелділігін азайтып, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024