Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа туған тәжік балаларына тек тәжік есімдері берілетін болды

Жаңа туған тәжік балаларына тек тәжік есімдері берілетін болды
Тәжікстанның Тіл және терминология комитеті мен Ғылым академиясы тәжік есімдерінің бірыңғай базасын жасақтауда, деп хабарлайды Asia-Plus агенттігі. Өйткені желтоқсанның соңына таман Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу заңы өзгертіледі. Бұл заң аясында жаңа туған тәжік балаларына тек тәжік есімдері берілуі тиіс. Аталған базада 3 мыңға жуық тәжік есімдері жинақталмақ. Ата-аналар жаңа туған нәресеге тек осы базада көрсетілген есімдердің ішінен таңдай алады. Бұл өзгерістің елде тұратын басқа ұлт өкілдеріне қатысы жоқ. Тәжікстанның Әділет министрлігі мұндай заңның Эстония, Дания мен Швецияда барлығын, ал, Ресейде қабылдауға дайындық жасалып жатқанын айтады.    

Похожие материалы