Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz — Жапония ең кішкентай зымыран-тасығыш SS-520 ұшырды. Тікелей трансляцияны Жапон аэроғарыш зерттеу агенттігі (JAXA) жасады, деп мәлімдеді delo.ua сайты.
Ракетаның салмағы — 2,6 тонна, ұзындығы — 9,5 метр, диаметрі 52 см. Жапония зымыранды жасау мен ұшыруға шамамен 3,6 млн доллар жұмсаған.
SS-520 зымыранының мақсаты - салмағы үш килограмм TRICOM 1R байланыс және геологиялық барлау тәжірибелік спутнигін орбитаға енгізу. Әзірге орбитаға шыққан, шықпағаны белгісіз.
SpaceFlightNow жазуынша, ракетаны жасаушылар әзірге технологиядан табыс табуды жоспарлап отырған жоқ. Алайда Жапония билігінің сөзінше, жоба дамуы үшін арзан технологиялар мен орбитаға ұшыруға шағын спутниктер қажет.
Салыстыру үшін, аса ауыр класстағы Falcon Heavy зымыраны шамамен 1,4 мың тонна салмақта болса, орта таптағы «Союз» ракетасы 306 тоннаны құрайды. Ал кішкентай зымыран SS-520 небәрі 2,6 тонна.
https://www.youtube.com/watch?v=Rq4oNFMnK9Q&feature=youtu.beҚания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024