Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаркентте жоғарыға жеткізетін мәселе көп

Жаркентте жоғарыға жеткізетін мәселе көп

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан Алматы облысына жұмыс сапары аясында Панфилов ауданына барып, бірнеше кездесу өткізді.  

Алдымен аудан активімен кездесіп, қордаланған мәселелер мен жетістіктер туралы пікір алмасты.

13 мың тұрғыны бар Көктал ауылдық окургінің әкімі Бақыт Нұрелов Мәжіліс депутатына ауыл көшелерін жарықпен қамтамасыз ету, көшелерге жаңа электр бағандарын, асфальт салу, газ құбыры желісін тездету, жастарға жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін шешу өтінішін Үкіметке жеткізуді сұрады.

Пенжім ауылдық округінің әкімі Ерлан Оспанбек Панфилов ауданында 24 мың жүгері, соның 6,5 мыңы өзі басқарып отырған ауылда өндірілетінін айтып, ауылшаруашылық саласындағы өндірілісте судың тапшылығын жеткізіп, Қорғас өзенінің бойына су қоймасын салуды қарастыру мәселесін көтеруді ұсынды. Сондай-ақ, тұрғын үй салатын аумақтарда инфрақұрылым мәселесін шешуді қарастыруды билікке жеткізуді өтінді.

Ветеринарияға қатысты заңға бұрыс өзгеріс жасалмақшы

Аудандық ветеринария станциясының басшысы наурыз айында керағар заң қабылданбақшы екенін айтты.  Ол заң бойынша ветдәрігерлер қаңғыбас ит пен мысыққа кастрация жасап, далаға жібере салу керек болатынын айтып, қабылданбауын және қайта қаралуын өтінді. Осыған дейін қаңғыбас иттер пен мысықтар қожайыны табылмаса жойылатын. Сонымен қатар, ветеринария саласының мамамандарының жалақысын көтеруге қатысты ұсыныс білдірді.


Пошта саласында да назар аудару керек
Аудандық пошта бөлімшесінің басшысы Нұрбақыт Әлімқожаев Панфилов ауданындағы пошта ғимараттарының қиын жағдайда екенін айтып, соған жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады. Пошта қызметкердерінің жалақысын көтеру ұсынысын білдірді.

Ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Марат Сағымбек Панфилов ауданындағы Ә. Қастеев атындағы мектептің жағдайы өте нашар екенін жеткізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.

Үшарал аудандық округінің әкімі Таңатар Жаңғазуев аудандағы орман шаруашылығы қоры жеріндегі пробелемаларды шешуді өтінді. Тұрғын үй салатын жер жоқ, дейді.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ілияс Асанбаев әскерге шақыру кезіндегі медициналық компанияларды бір орталықтардан қарастыруды өтінді. Сонымен қатар, баға қою секторын, оның ішінде көтерме сауда фирмаларына талаптарды реттеу өтінішін білдірді. «Себебі, делдалдардың кесірінен баға көтеріліп кетеді», дейді.

Мәжіліс депутаты  аталған мәселереді шешу бойынша тиісті органдарға ұсыныс білдіретінін жеткізді.

Депутат бұдан кейін «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындармен, ауыл жастары, студенттермен кездесті.

Тұрғындар газ тарту, ауылшаруашылығы жерінің тапшылығы, Жаркент қаласының шығысына мектеп салу мәселесін көтерді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен проблемалық мәселелерді талқылады.

Кездесуге Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Роза Мағрупова, Панфилов аудандық мәслихат депутаты Ризван Сакиова, Аграрлық сектор жөніндегі аудандық қоғамдық кеңестің төрағысы Тулақбаев Руслан, Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтарбай Керімқұлов, Әзкен Каримжанов Ақсақалдар кеңесінің мүшесі және ауданның кәсіпкерлері қатысып, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Ә.Қастеев атындағы мектеп 1970 жылдардан бері жөндеу көрмеген

Білім саласы да назардан тыс қалған жоқ. Депутат Басқұншы ауылындағы «Жол картасы» аясында салынып жатқан 300 оқушыға арналған И.А.Крылов атындағы мектептің құрылысымен танысты. Сонымен қатар, тұрғындарының өтініші бойынша Алты үй ауылдағы Ә. Қастеев атындағы мектептің жағдайымен танысты. Мектеп жөндеу жұмыстарын талап етеді. Аталған мектепте 2 ауысыммен 730 бала оқиды. Мектеп директорының сөзінше білім ғимараты 1970 жылдардан бері жөндеу көрмеген.

Депутат мектеп жанындағы Ә.Қастеев атындағы музейді аралап, қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Шекараға да назар аударса

Сапар соңында Панфилов ауданындағы Шекара басқармасының штабына барды. Әскери мекеме ғимараты 1892 жылы салынған. Штаб командирі Александр Пейчурин ғимараттың күрделі жөндеуді қажет ететіндігін айтып, Мәжіліс депутаттын мәселені тиісті органдарға жеткізуін өтінді.

Мәжіліс депутаты сұрақтарға жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ айтылған әр мәселені Парламент мінберінен көтеретінін айтты.  

Похожие материалы