Банктердің жарнама бағытына жұмсайтын қаржысы бір жыл ішінде біршама өсті. Алғашқы 10 банктің пиарға жұмсайтын қаражаты 2015 жылы 8,3 млрд теңге еді, 2016 жылы бұл көрсеткіш 8,4 млрд теңгеден асты. Жарнама нарығының өкілдері қаржылық институттар өз қызметтерін баннерлер арқылы танытуды азайтқанын айтады.
Өткен жыл банктердің экономикалық қиындықтарға қалай төтеп беретіні тексерілген жыл болды. Қарыз алғандардың кредит төлеу қабілеті төмендеді әрі депозиттердің пайыздық мөлшерлемесін амалсыз түсіру керек болды. Одан бөлек, 2016 жылы кейбір банктердің бірігуі мүмкін екеніне қатысты біраз әңгіме айтылды. Осының бәрі кейбір банктердің қызметтерін өзгертіп, дамытуына, бірін клиенттерді тарту шараларын көптеп жасауға мәжбүрледі. Осылайша, отандық қор биржасындағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстандағы активтерінің көлемі бойынша топ-10 банк жарнамаға жұмсайтын қаржысын біраз арттырған.
Мысалы, АТФ-Банк жарнамаға жұмсайтын бюджетін 2016 жылы 78 пайызға немесе 340,4 млн теңгеге, «Сбербанка» ЕБ — 70,8 пайызға я 574 млн теңгеге, Қазком — 52 пайызға немесе 1,4 млрд теңгеге, Цеснабанк — 42,6 пайызға я 839,7 млн теңгеге, Kaspi bank — 18,5 пайызға, ақшалай есептегенде 1,6 млрд теңгеге көбейткен. Айта кетейік, Kaspi bank жарнамаға жұмсайтын қаржысы бойынша алда болған, бірақ 2016 жылы Forte bank оны артқа қалдырды. Қазір Kaspi — екінші, Қазком — үшінші орында.
Банктердің есебінде олар көбіне қай жарнама алаңдарында белсенді екені көрсетілмеген. DAS Marketing холдингінің First Buying Agensy сыртқы жарнама бөлімінің бастығы Ольга Петрунинаның айтуынша, банктер өздерінің қызметін баннерлер арқылы аз жарнамалай бастаған. «Тіпті осы жарнама түрін «ұнататын» Kaspi де осыған қызығушылығын төмендеткен. Әзірге бұл сегментте Bank RBK, Tengri Bank және аз мөлшерде Қазкомды жиі кездестіруге болады», — дейді ол.
Ольга Петрунинанің пайымдауынша, банктердің мұндай шешім қабылдауына Қазақстандағы экономикалық жағдай әсер етіп отыр. «Тағы бір ескеретін жағдай, қазір банктерде жарнамалауға қажет өнімдер жеткіліксіз. Бірақ, менің болжамымша, 2017 жылы банктер сыртқы жарнамаға оралады, себебі бұл – өнімді таныстырудың оңтайлы құралы», — деп пікір білдіреді маман.
Активтерінің көлемі бойынша топ-10 банк өздерінің жарнамаға жұмсайтын қаржысын едәуір азайтқан. Мысалы, банктің есебі бойынша, 2016 жылы Халық банк жарнамаға жұмсайтын қаржысын 42,9 пайызға қысқартқан. Аталған банк 2015 жылы жарнамаға 980,7 млн теңге жұмсаса, 2016 жылы ол бұл мақсатта 560,1 млн теңге жаратқан.
Еуразиялық банк бір жыл ішінде жарнама шығынын 1 млрд теңгеден 623,8 млн теңгеге дейін кемітіп, бір жыл ішінде 40,3 пайызға қысқартқан. «Инсайт Медиа» агенттігінің директоры Юрий Дороховтың айтуынша, телевидение жарнама берудің ең сұранысқа ие түрі ретінде қалады.
«Дегенмен, бұл бағытта сұраныс әзірге аз. Ал баспа БАҚ-қа деген сұраныс қашан да төмен, бұл тренд осы жылы да жалғасуы мүмкін. Себебі digital-жарнама, баннер, лендингке, мәнмәтіндік жарнамаға қызығушылық артып келеді», - дейді Юрий Дорохов.
Оның пікірінше, теледидардағы жарнамаға қызығушылықтың түсуі ондағы бағаның тым қымбат болуына байланысты. Маман теледидардағы жарнамалық сюжеттің құны 700 мың теңгеден бастап 2 млн теңгеге дейін жететінін, ал сюжет тек 1-3 минутқа созылатынын айтады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024