Жанат Самат «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл ақпаратты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев растады.
«Иә, растаймыз. Кешеден бері басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жанат Самат «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті», – деп хабарлады ол.
19 қаңтарда Үкімет «Оператор РОП» ЖШС-не қатысты қаулы қабылдап, бұл мекемені утиль алымды жинау құқығынан айырды. Бұған дейін жиналған алымдар есебінен құралған активтерді мемлекетменшігіне қайтарды. Қазақстандағы утиль алымды жинаушы мекеме ретінде «Жасыл даму» акционерлік қоғамы бекітілді.
Жанат Самат бұл қызметке 1 ақпанда тағайындалған еді.