
Астана-Сеул бағытында қатынайтын жиілігі аптасына 2 реттік рейс 2015 жылдың жаз айында ашылмақ. Бұл жөнінде екі елдің билігі Оңтүстік Кореяның астанасында өткен келіссөзде шешілді. Кездесу «Эйр Астана» мен Asiana Airlines және Korean Air, Jin Air әуекомпаниялары, Incheon International Airport Corporation әуежайы өкілдерінің қатысуымен өтті.
ҚР инвестиция және даму Министрлігінің азаматтық авиация Комитетінің хабарлауынша, қазақстандықтар тарапынан Қазақстан мен Корея арасындағы тасымал сыйымдылығын 35%-ға көбейту ұсынылды. Екі жақты келісім туралы Меморандумға қол қойылып, екі ел арасындағы рейстер санын көбейту қолға алынатын болды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мен Корея арасында мынадай рейстер қатынайды:
- «Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы – Сеул – Алматы бағытында аптасына 3 рет қатынайды;
- Asiana Airlines әуекомпаниясы Сеул – Алматы – Сеул бағытында аптасына 2 рет қатынайды;
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025