Жеңілдетілген автонесие бойынша алты банктың екеуі өтінім қабылдауды тоқтатты
Сейсенбі күні түстен кейін Сбербанк пен Еуразиялық банк отандық автокөліктерге берілетін жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды уақытша тоқтатты. Оған келіп түскен өтінімдердің жалпы санының бағдарлама аясында көрсетілген лимит шегінен асып кетуі себеп болып отыр.
Бұған дейін жазғанымыздай, қазақстандық екінші деңгейлі 6 банк жеңілдетілген несиелерді 20 сәуірден бастап бере бастаған болатын. 7kun.kz тілшісі Алматы қаласындағы ірі автосалондарды аралап, шынымен де аталған екі банк тарапынан жеңілдетілген несиелерді беру бағдарламасы тоқтап тұрғандығына көз жеткізді.
SsangYong, Geely, Peugeot автокөліктерін өткізетін AllurAuto автосалондарында адам көп емес. Менеджерлердің айтуынша, бүкіл Қазақстан бойынша бір күннің ішінде 2 500 өтінім келіп түскен екен. Автоорталықта несие ұсынатын Сбербанк пен Еуразиялық банк қазір өтінім қабылдамайды.
Ең көп өтінімдер қабылдаған "Бипэк Авто" автосалоны. Мұнда Kia, LADA, ŠKODA, Chevrolet маркалы көліктер сатылады. Жеңілдетілген несие беру аясындағы алты банктің бесеуінің қабылдау пунктері осы жерде. Автоорталық менеджерлерінің айтуынша, бір Алматының өзінде 1 500 өтінім қабылданған.
LS сайтының хабарлауынша, Банк ЦентрКредит пен Халық банк жеңілдетілген автонесие бойынша өтінімдерді әлі де қабылдау үстінде, яғни банктерге үкімет тарапынан берілген қаржы әлі толық игеріліп бітпеген. Сондай-ақ, аталған ресурс АТФ Банк пен ForteBank-тың бағдарламаны әлі бастамағаны туралы да жариялады. АТФ Банк өтінімдер қабылдауды жақын арада бастаймыз десе, ForteBank мамырдың басына жоспарлап отыр екен.
Бұған дейін үкімет тарапынан аталған бағдарламаның бір реттік еместігі, болашақта тұрақты түрде беріліп отырылуы мүмкін екендігі жайлы хабарланған-ды. Борышкерлердің алғашқы төлемдері жеңілдетілген автонесиенің келесі толқынын жіберуге де мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өтінімдер қабылданғанмен, олардың бір бөлігі банк тарапынан мақұлданбауы мүмкін, бұған қоса кейбір азаматтар несие алудан бас тартуы да ықтимал.
Сондықтан, әлі де жеңілдетілген несиеден дәмелі жандар автоорталықтарды тұрақты түрде шолып отырса болады.
Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін қазақстандық автокөліктердің толық тізіміне келесі модельдер кіреді:
Chevrolet Aveo; Chevrolet Captiva; Chevrolet Cruze; Chevrolet Malibu; Chevrolet Orlando; Chevrolet Tracker; KIA Carens; KIA Ceed; KIA Cerato; KIA Cadenza; KIA Optima; KIA Picanto; KIA Rio; KIA Carnival; KIA Sorento; KIA Soul; KIA Sportage; LADA 21214; Škoda Octavia; Škoda Rapid; Škoda Superb; Škoda Yeti; Hyundai Tucson; Hyundai Elantra; Hyundai Sonata; Hyundai SantaFe; Hyundai i-30; SsangYong Kyron; SsangYong New Actyon; SsangYong Actyon Sports; SsangYong Rexton; SsangYong Nomad; SsangYong C150; SsangYong Tivoli; JAC A20; JAC J4; JAC J5; JAC S3; JAC S5; JAC J6; JAC M5; Peugeot 408; Peugeot 301; Peugeot 508; Peugeot 3008; Peugeot 2008; Peugeot Partner VP Tepee; Geely CK; Geely GC 6; Geely MK-CROSS; Geely SC-7; Geely GC-7; Geely Emgrand E7; Geely Emgrand GX-7; ZAZ Chance.
Бұған дейін интернет қолданушыларының аталған несие түрі тиімсіз деп жатқаны туралы жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, сайтымыздан жеңілдетілген несие арқылы рәсімдеуге болатын қазақстандық жеңіл көліктер мен кроссоверлер, жол талғамайтын көліктер және минивендер туралы арнайы фотошолулар да оқи аласыздар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024