Авто
Жеңілдіктердің мәні неде?
«10 %, 20% , 50 % жеңілдіктер бар. Бір киім алсаңыз, екіншісін тегін береміз. Ең арзан тауарлар тек бізде ғана» Күнделікті тұрмыста осындай жарнаманың түр-түрін көріп жүрміз. Қарапайым саудагердің сатып алушыға жасаған жеңілдігінен бастап, сауда үйлеріндегі скид карталардың қызметіне сізде жүгінген боларсыз.
«Жеңілдік» сөзінің мәні – тауардың бағасын кемітіп, арзан бағамен сату дегенді білдіреді. Бұл термин XIX ғасырда «сауданың қайталанбас үлгісін» жасау кезінде пайда болған. Жеңілдіктер түрі елімізге Англиядан келген екен. Бәсекелестікті арттыру үшін ағылшындықтардың ойлап тапқан құралы.
Аталған жеңілдіктер өміріңізді жеңілдетеді ме?
Жеңілдетеді деу қиын. Себебі, ешбір сауда үйі өзінің табыс көзінен айырылғысы келмейді. Салдарынан жеңілдікті сізге емес, өзіне жасауы мүмкін. Яғни, бұл маркетологтардың жұмысының нәтижесі. Тауардың сұранысын «жеңілдіктер» арқылы көбейтеді. Сәйкесінше, клиенттерді өзіне тартады. Көп жағдайда, сатып алушыға қарағанда сатушыға мейлінше пайдалырақ.
50% жеңілдікке сенесіз бе?
Сапалы тауар қашан да сұраныста. Ол ешқандай жарнаманы қажет етпейді. Тауар өтімділігі сапасымен байланысты. Ал, сапасыз дүниелер ше? Әрине, жоғарыдағыдай тұтынушының назарын аударады. Ұзақ мерзім бойы өтпей қалған тауарды, не үлкен өлшемдегі киімдерді «жеңілдіктермен» саудаға қайта шығаратынын ескергеніміз жөн.
1+1 акциясы
Жоғарыдағы формуланы түсінген боларсыз. Бір киім алсаңыз, екіншісі тегін. Немесе, тауарды делік. Бір қарағанда, назар аударарлықтай жарнама. Алайда, екінші киім алдыңғысының ақшасын толықтай ақтағаннан кейін ғана беріледі.
CHOCOLIFE.ME, BeSMart, Easygo
Аталған скид карталар студенттер арасында танымал. Бар болғаны: 2500 теңге мен 4000 теңгенің арасында карталарды сатып алсаңыз, сіз үшін жеңілдіктің түр-түрі қарастырылады деп сендіреді карта өндірушілері. Тағамға, дүкендерге, сұлулық салондары, фитнеске де жеңілдіктер бар . Дегенмен, бәрі сіз ойлағандай, өндіруші ұсынғандай болмауы мүмкін. Қызметтердің аясы тар десек те болады.
Осы жеңілдіктердің адам санасына әсері қандай?
4990 теңге. Бір қарағанда 5000 теңгеден едәуір арзан көрінеді. Бірақ цифрлар теңесу үшін 10 теңге ғана жеткіліксіз. Міне, осындай дөңгеленген тоғыздар тұтынушыны өзіне тартып отыр. Клиент сенеді, тауарды алады.
Жалпы осындай жеңілдіктердің сауда үйіне қаншалықты тиімді екені туралы өздерінен сұрап білген едік. Defacto бутигіндегі консультанттың сөзінше, әрбір жеңілдік өзін ақтап отырады. "
Тұтынушыларымызға жеңілдік жасаймыз, бірақ одан шығынға ұшырамаймыз. Сатып алушылардың арзан киім-кешек алғысы келеді. Біз де осы сұранысты қанағаттардырып, киімдерді арзан етіп сатамыз әрі дүкенге келушілер де көп болады", - дейді ол.
Жеңілдіктердің тағы бір түрі клубтық карта түрінде беріледі. Мысалы, "Рамстор" желісінің маркетологтары ұсынған клубтық карта бағасы - 200 теңгеге. Бір рет сатып аласыз да, бірнеше тауарларға да жеңілдік беріледі. Карта тек тұтынушыларға ғана емес, бізге де пайда әкеледі дейді қызметкерлер.
«F&F» дүкенінің менеджерінің айтуынша, жеңілдіктер - халықты дүкенге тартудың басты құралдарының бірі. "
Еш жеңілдіксіз тауардан қарағанда, 20% пайыз жеңілдіктің болуы адам психикасына әсер етпей қоймайды. Бір тауар арзан болғанымен, екіншісін жоғарғы бағада сатып, теңестіріп отырамыз. Киімдер сәннен шығып бара жатса, өз бағасында «жеңілдік» арқылы сатамыз", - дейді.
Бұл теорияны психолог Динара Болат та растайды.
"Бүгінде маркетинг, жарнама өз күшіне еніп тұрған кезде жеңілдіктер адамға сұраныссыз ақ сатып алуға тәуелділікті тудырады. Жеңілдікті арттырған сайын, тұтынушы соғұрлым оңай маркетинг құрбаны бола береді. Алайда, жеңілдікке назар аудармайтындар бар. Олар негізгі мақсаты айқын жандар. Жігері мықтылар ғана акция, жеңілдік секілді оңай табысқа бет бұра қоймайды. Адам психологиясына тигізер пайдасы да жоқ емес. Тұлғаны үнемділікке үйрететінін де айта кеткен жөн", - деп түсіндірді ол.
Айтпақшы, дәл қазіргі кезде дәл қазіргі кезде Kaspi Bank жаңажылдық жеңілдіктер ұсынуда. Қаңтардың 1 мен ақпанның 28 аралығында Kaspi картасымен мейрамхана, түнгі клуб, кафе, кинтетатр, мұз айдандарының қызметі үшін төлем жасасаңыз 5% Бонус ала-аласыз. Оны
kaspi.kz сайтындағы төлемдерге жұмсауға болады. Банктер мен сауда орындарының жеңілдіктерін бақылап жүріп, айтарлықтай ақша үнемдеуге болады.
Дана ТӨРЕБЕК «7»