Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жемқорлар туралы ақпарат бергендерге 38 млн. теңге төленген

Жемқорлар туралы ақпарат бергендерге 38 млн. теңге төленген

2013-2014 жылдары сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат берген қазақстандықтарға шамамен 38 млн. теңге сыйақы төленген. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісінің ресми сауалына жауап берген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі хабарлады.

Ведомствоның ресми жауабындағы деректерге сүйенсек, 2013 жылдан бастап 2014 жылдың тамызына дейін 336 адамға сыйақы ретінде 38 млн. теңге төленген. «Жалпы, Қазақстан бұрынғы кеңестік елдердің арасында алғашқылардың бірі болып 2012 жылы сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат берген адамға сыйақы тағайындайтын институтты іске қосты. Бұл институт 2013 жылдан бастап толық жұмысқа кірісті. Институтты құру үшін, яғни, оның жұмысы үшін республикалық бюджеттен жыл сайын 32 млн. теңге бөлінеді. 2013 жылдан бастап 2014 жылдың тамызына дейін сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат берген 336 адамға жалпы сомасы 38 млн. теңге көлемінде сыйақы берілген», - делінген ведомствоның ресми жауабында.

Похожие материалы