2016 жылдың 19 наурызында "Жер сағаты" науқаны өтеді. Ғаламшардағы климатты сақтап қалуға арналған әлемдік акцияны ҚР Энергетика министрлігінің "Жасыл экономика" департаментінің қолдауымен "Тұрақты даму" қоры өткізеді.
Науқан барысында Астана қаласында 19 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін Бәйтерек, Хан-Шатыр, Бейбітшілік және келісім сарайы, Астана Опера және басқа да 300-ге жуық ғимараттың жарығы сөндіріледі. Ал Алматы қаласында "Жер сағаты" акциясын ұйымдастырушылар веложарыстар мен флешмоб жәнне түрлі конкурстар өткізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, 16 сәуір және 16 мамыр аралығында өтетін "Ұлттық орман отырғызу күні" атты республикалық акциясы өз жұмысын бастайды.
Айта кетейік, «Жер сағаты» - Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының жаһандық акциясы (WWF). Бұл табиғатты аялаудың, планетамыздың шектеулі ресурстарына деген қамқорлықтың символы. «Жер сағаты» акциясы аясында әлемнің әрбір елінде адамдар бір сағатқа электр жарығын өшіріп, сол арқылы климаттың өзгеруімен күрес идеясын қолдайтындықтарын білдіреді.





