Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жетісу Инвест - 2016: Бәрі де Қазақстанда жасалған

Жетісу Инвест - 2016: Бәрі де Қазақстанда жасалған

Алматы облысында «Жетісу Инвест - 2016: Жібек жолының өркендеуі арқылы жаңа мүмкіндіктерге» атты халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форум барысында Алматы облысындағы орта және шағын бизнес өкілдерінің тауарларының көрмесі болып, агроөндіріс, энергетика, ауыл шаруашылық және тамақ өнеркәсібі бойынша атқарылып жатқан істерінің нәтижесі сараланды. Көрмеге Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты. 7kun.kz тілшісі Алматы облысында ашылып, халықты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлердің жұмыс барысымен танысып қайтты.

350351

Аграрлық-индустриалдық, ауыл шаруашылық және энергетика саласы бойынша қызмет атқарып жатқан ШОБ өкілдері қала және облыс әкімдеріне өздерінің жұмыстарын таныстырды. 349348347

"TEKSAN KAZAKHSTAN INVEST" - Қазақстанда ашылған жарық және электротехника өндіретін алғашқы зауыт. Зауыт Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан. Зауыттың жалпы өндіріс аумағы - 15 000 шаршы метр. Зауытта 250-ден аса адам жұмыс істейді. Компания қажетті өнімдерді қайта өңдеп, дайын өнімді құрастыра отырып шамдар өндірісінің толық циклымен айналысады.

345344

"BTK Group" - жылу блоктарын шығаратын зауыт. Жылу блоктары кварц құм, ақ тас, гипс, цемент және алюминий қоспалары арқылы жасалады. Блоктардың құны өлшеміне байланысты әртүрлі. Мысалы ең кіші 1 блоктың құны - 250 теңге, ең қымбаты - 600 теңге. 340339

"ART-Construction Company" ЖШС - Қазақстанда құрылысқа аранлаған кірпіш өндіретін ірі зауыттардың бірі. Отандық нарықта 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания құрылыс блоктарын германиялық технология арқылы түркиялық құрылғылармен өндіріп шығарады. 338335

"ALUGAL" - Алюминий профильдерін өндіруші компания. Жылуды оқшауламайтын есік-терезе және әйнек секілді қасбеттер жүйесін құрастырумен айналысады. 334333

"Aluminium of Kazakhstan" ЖШС "hoffmann аluminium" сауда таңбасындағы зауыты – Қазақстан Республикасында алюминий профильдерінің экструзиясы бойынша мамандандырылған көшбасшылар үштігіне кіретін кәсіпорын. "Aluminium of Kazakhstan" ЖШС өнімділіктің және шығарылатын өнімлдердің сапасының әлемдік стандарттарына қол жеткізуге бағытталған техникалық жарақтану және жаңғырту саясатын жүргізеді, мұның өзі біздің Тапсырыс берушілерімізге дайын өнімнің сипаттамаларының анықтығы мен тұрақтылығына, сенімділігіне және төзімділігіне кепілдік береді. 329328

Arba Wine - Қазақстандағы танымал шарап желісі. Шараптар әлемде бекітілген тәжірибедегі санаттар бойынша бөлінеді. Жеңіл ақ шарап, оны асханалық шарап деп те атайды (table wines). Жеңіл хош иісті сауытта (тот баспайтын темірден жасалынған салқындатқышы бар ыдыс) ферменттелген шарап. Бабына келтірілген емен бөшкедегі түрлі сорт араластырылған немесе араластырмаған шарап түрлері бар.  Қызыл шараптар екі санатты сапамен ұсынылады. «Резерв» класындағы шараптар ұзақ сақтау үшін жарамды. Сондай-ақ, көп мерзімде бабына келтірілген және емен бөшкелерде бабына келтірілмеген хош иісті жеңіл жеміс шараптар бар.

327326

IMG_0533Қазақстанда, Алматы обылысында шығарылатын сусындар. Балақайлардың сүйікті сусындары - MAXI чай, Funky, Sinalco және Алоэ. Отандық сусындардың орны әрқашанда ерекше325324

"Жаркент крахмал зауыты" ЖШС - Ауыл шаруашылығын дамыту және қайта өңдеу бағытын ескере отырып 2005 жылы құрылған жүгері өңдеу зауыты және кәсіпорын. Компанияның негізгі қызметі - жүгері және крахмал өнімдерін қайта өңдеу. Зауытта жүгері крахмалы, эмбрион, жүгері майы, жүгері сироптар, түйіршіктелген жем т.б тағамдық өнім өндіріледі.

323322321

"Dolce-Pharm" ЖШС - 1998 жылы құрылған. Бір рет қолданылатын медициналық өнімдер, кәсіби-жарақтар, реттік киім-кешек және бетперделер мен аяқ киім қаптарын өндіруші ірі қазақстандық компания.  Сондай-ақ белсендірілген көмір дәрісін жасап шығарады. Келісім-шарт бойынша медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырады және тауарлар Орталық Азия және ТМД елдеріне экспортталады.

320319

«Eleas» Өндіріс және фармацевтикалық компаниясы» ЖШС - Қазақстанда 2003 жылы өз қызметін бастады. 2009 жылдан бастап, компания сатып алу үшін мемлекеттік тендер мүшесі болып табылады. Фармацевтикалық орталық күрделі жұқпалы ауруларды емдеуге арналған препараттарды шығарады. Қазіргі таңда компанияның Дорипенем-Элеас, Имицил-Элеас, Меропенем-Элеас, Супероцеф-Елеас атты инфекцияны емдеуге арналған т.б. дәрілік өнімдері бар.

318

«ЛЕОВИТ» ЖШС - Қазақстандағы биологиялық белсенді тағамдық қоспаларды өндіретін фармацевтикалық кәсіпорын. Қазіргі заманғы маркетинг, ғылыми-техникалық бөлім жабдықтарымен жабдықталған, фармацевтикалық фабрика 1998 жылы құрылған.

317316

Танымал қазақстандық бренд - GLASMAN. Мектепке арналған формалардың ең сапаласысын ұсынады. Сондай-ақ, формамен қатар ерлерге арналған классикалық киім үлгілерін ұсынады.

315

"Дархан МНМ" ЖШС - Қазақстанда ерлер мен әйелдерге және әскери қызметкерлерге арналған былғары аяқ киім шығаратын кәсіпорын. Компания өндіріс нарығында 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 314

Похожие материалы