Астана. 10 қазан. 7kun.kz – Жыл басынан бері Жоғары сот кеңесі 9 судьяны қызметінен босатты, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесінің айтуынша, істі қарау кезінде заңнаманы өрескел бұзуға жол берген судьялар ғана тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
«Бірақ бұл апелляциялық немесе кассациялық соттың қаулысында көрсетілуі керек. 2019 жылы – 60 адам, 2020 жылы – 66 адам, 2021 жылы – 71 адам, 2022 жылдың 10 айында 47 адам жауапқа тартылды. Оның ішінде 2019 жылы – 12 адам, 2020 жылы – 12 адам, 2021 жылы 2 адам қызметінен босатылды. Ал жыл басынан бері 9 адам лауазымынан босатылды», – деді Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова.
Көбінесе жауапқа тартылған судьялардың негізгі бөлігі аудандық соттардың судьялары екені атап өтілді.
«Заңды өрескел бұзуға - заң талаптарын біле тұрып бұзу және заңды дұрыс білмеу фактілері жатады. Осы сипаттағы әрекеті үшін судьялар тәртіптік жауапкершілікке тартылады», – деді Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Айгүл Қалимұқашева.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024