Экономика
Авто
Жыл басынан бері Қазақстандағы депозит көлемі 2,2% азайды
Алматы. 3 шілде. 7kun.kz - Мамыр айының соңындағы есеп бойынша Қазақстандағы депозит көлемі 17 трлн 707,3 млрд теңгені құрады. Бұл жыл басындағы көлемнің 2,2% азайғанын көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда депозит көлемі 7,3% немесе 1 трлн 206,3 млрд теңгеге ұлғайған. Алайда жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда азайған.
«Депозиттер көлемінің бұлайша қысқаруы ұлттық валютаның нығаюына (жыл басынан бері 6,3%) байланысты қайта бағалаумен түсіндіріледі», деп түсіндіреді Ұлттық банк.
Ұлттық банк мәліметінше шетелдік валютадағы депозит көлемі қысқаруда. Жыл басынан бері көлем 13,7%, немесе 1 трлн 358,1 млрд теңгеге азайған. Жеке тұлғалардың валюталық депозиті $2 млрд 348,6 млн немесе 7,9% азайған.
Ұлттық валютадағы депозиттер жыл басынан бері 11,8% немесе 969 млрд теңгеге өскен.