Әлемдегі ең шағын компьютер шығарылды

Финляндияның Solu компаниясы қалта компьютерін ойлап шығарды, деп хабарлайды 24.kz.

Сыртқы қабаты ағаштан жасалған құрылғының экраны небәрі 10 шаршы сантиметрді құрайды екен.

Құрастырушылардың айтуынша, тұтынушылар көңілінен шығу үшін оның мәзірін де өзгеше үлгіде жасаған. Олар жаңа идеясын жүзеге асыру үшін қажетті қаржыны әлеуметтік желі арқылы жинапты. Бағасы 350 доллар тұратын мұндай гаджеттер алғашқы тұтынушыларына келер жылдың көктемінде жөнелтілетін болады.

Фото: alfa.kz