Әлемдегі ең танымал смартфондар анықталды

183
Фото: iConsumption

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша смартфондардың ғаламдық жеткізілімі 6,6%-ға төмендеп, 310,8 млн бірлікті құрады (бір жыл бұрын-332,7 млн бірлік), деп хабарлайды Ranking.kz.

Әлемдік нарыққа смартфондарды жеткізу бойынша көшбасшы — Samsung, компания көрсеткішін 8,1%-ға, 71,9 млн бірлікке дейін қысқартқан. Компания нарығының үлесі 23,1% құрады.

Қытайлық Huawei компаниясы қарқынды дамып келеді: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында компания жеткізілімдерді 59,1 млн бірлікке дейін арттырды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,4%-ға артық (39,3 млн бірлік). Huawei нарықта 19% үлеспен екінші орынды иеленді.

ТОП-3 қатарында Apple бар. Компания бір жыл ішінде көрсеткішті 30,2%-ға — 36,4 млн бірлікке дейін қысқартты. Нарықтағы компанияның үлесі 11,7%-ды құрады.

Бұдан басқа, төртінші орынға Xiaomi орналасты, үш ай ішінде жеткізу көлемі 25 млн бірлікті құрады — бір жыл алдыңғы көрсеткіштен (27,8 млн бірлік) 10,1%-ға кем.

IDC мәліметтері бойынша, бесінші орынды екі компания иеленді — Vivo және OPPO. Vivo жеткізуді 24,1%-ға, 23,2 млн бірлікке дейін ұлғайтты. Ал OPPO, керісінше, жеткізу көлемін 6,1%-ға, 23,1 млн бірлікке дейін қысқартты.

Business Insider журналы Android және iOS базасындағы модельдерді қамтитын 2019 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша үздік 20 смартфон тізімін жасады. Рейтинг авторлары смартфондарды бағалауда құрылғылардың техникалық сипаттамаларын ғана емес, олардың функциялары мен тікелей бағасын да ескереді. Авторлардың пікірінше, үздік смартфондардың бағасы қымбат болуы маңызды емес.

Үздік смартфондар рейтингінде бірінші орында OnePlus 6T болды. Екінші және үшінші орынды Samsung Galaxy S10e және Apple iPhone XR иеленді.

ТОП-5 құрамына Samsung Galaxy S10+ және Samsung Galaxy S10 смартфондары да кірді.

Рейтингте Google Pixel 3, Huawei Mate 20 Pro, Razer Phone 2, LG V40, Moto G7, BlackBerry Key2 сияқты басқа өндірушілердің смартфондары да бар.