АҚШ. 24 мамыр. 7kun.kz – Нью-Йорк пен Беверли-Хиллздегі Balenciaga брендтік дүкендері тауар ақысын криптовалютамен қабылдай бастайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Women's Wear Daily газеті тұтынушылардың төлемді Bitcoin және Ethereum-мен жасай алатынын атап өтті. Сондай-ақ, balenciaga.com сайтында криптовалюта арқылы сатылым жасауға болады.
Басылым жазуынша, әзірге криптовалюталық төлемдер брендтің Нью-Йорктегі Мэдисон авенюіндегі және Беверли-Хиллздегі Rodeo Drive-тағы флагмандық дүкендерінде ғана қолжетімді. Кейінірек криптовалютамен төлем жасау АҚШ-тың басқа штаттарында да іске қосылмақ.
Айта кетейік, мамырдың басында Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Атланта және Лас-Вегастағы Gucci брендінің дүкендері криптовалюталық төлемді енгізді. Әйгілі бренд дүкендерінде криптовалюталардың 10-нан астам түрімен сауда жасауға болады. Оның ішінде bitcoin, Ethereum, Litecoin, Shiba Inu, Dogecoin және т.б.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





