Лондон маңынан ірі мұнай кен орны табылды

494
Лондон маңынан ірі мұнай кен орны табылды.........

Лондондық Гэтвик  әуежайынан алыс емес жерден ірі мұнай кен орны табылды. Бұл туралы UK Oil & Gas (UKOG) зерттеу компаниясына сілтеме жасай отырып, The Guardian басылымы хабарлайды.

UKOG-тың мәліметінше, кен орнындағы мұнай қоры 100 миллиард баррельге дейін жетеді. Салыстыру үшін, Сауд Арабиясындағы барлық кен орындарындағы қор көлем 260 миллиард баррельді құрайды.

Компанияның атап өтуінше, ол жердегі қара алтынның 3-тен 15 пайызға дейінгі мөлшерін алуға болады. Мұнайдың негізгі бөлігі 700-900 метр тереңдікте жатыр.

«Біздің ойымызша, бұл — соңғы 30 жылдағы ең маңызды ашылулардың бірі. Оның ұлттық маңызы бар», — деп мәлімдеді  UKOG басшысы Стивен Сандерсон.

Британиялық мұнайдың негізгі бөлігі яғни Brent маркасы Солтүстік теңіздегі қайраңнан алынады. Лондондық ICE биржасындағы Brent-тің бір баррелінің бағасы — 57,03 доллар.