Ұлттық банк Владимир Кимге Bank RBK-нің үлескері болуға келісім берді

378
банк
фото: капитал.кз

Астана. 1 тамыз. 7kun.kz —  Қазақстанның Ұлттық банкі кәсіпкер Владимир Кимнің «Bank RBK»-ның ірі үлескері статусын иеленуіне келісім берді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

KAZ Minerals PLC тау-кен қазу компаниясының президенті әрі негізгі акционері — Владимир Кимге жарғылық капиталдың 10 пайыздан астамы беріледі. Қазақстан қор биржасының 1 шілдедегі мәліметінше, Bank RBK акцияларының 6,75 пайызы Владимир Кимге тиесілі.

2017 жылдың 1 шілдедегі жағдайы бойынша, банк активтері 997,9 млрд теңгені құрады; қарыздық қоржын — 737,3 млрд теңге, тұтынушылардың салымы — 573,8 слрд теңге, оның ішінде жеке тұлғалар салымы — 184 млрд теңге. Банктың жеке капиталы — 96 млрд теңге, жарғылық капитал — 64,4 млрд теңге болды. Сонымен қатар, алғашқы жарты жылдағы банктік табыс — 2 млрд теңге.

Ұлттық банктың хабарлауынша, 2017 жылдың  бірінші тоқсанында Bank RBK қазақстандық 33 банктер арасында активтері мөлшері бойынша 10-орынды иеленді.
Қазіргі уақытта Bank RBK мен Qazaq Banki бірігу жұмыстарын жүзеге асырылып жатыр. Біріккен қаржы институты Bank RBK бренді атымен жұмыс істейтін болады.

Bank RBK акционерлері (2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай):

«Фонд-инвест» мүліктерін басқару дирекциясы»  ЖШС — 19,04 пайыз;

Фарид Люхудзяев — 9,53 пайыз;

Темир Джумаев — 9,25 пайыз;

Динмухамет Идрисов — 7,52 пайыз;

«Нұр-Экспорт НС» — 6,97 пайыз;

В.Ким — 6,75 пайыз;

Уалихан Нурмухамедов — 6,74 пайыз;

Бахаридин Аблазимов — 5,5 пайыз;

Игорь Мажинов  — 5,51 пайыз.