Ұлттық банк Цеснабанк пен ЦентрКредит банктің қосылуына қатысты пікірін білдірді

Фото: tengrinews.kz

Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz — Ұлттық Банк «Цеснабанк», «Цесна» қаржы холдингі» және Бақытбек Байсейітов арқылы олардың акцияларының үлесін «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың орналастырылған акцияларының жалпы санынан 41,93% мөлшерінде басымдықпен сатып алушылар ретінде KOOKMIN BANK консорциумын таңдау туралы «Цеснабанк» АҚ-тан ресми хабарлама алды.

«Ұлттық Банк, тұтастай алғанда, банк секторын шоғырландыру жөніндегі бастамаларды қолдайды, олар банктерді капиталдандыруды ұлғайтуға және клиенттерге қызмет көрсету бойынша қолданыстағы бизнес-процестерді жақсартуға ықпал ететін болады», — делінген орталық банк таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық Банк банк бизнесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ықпалдастыру процестерін тез арада аяқтау жөнінде банктерге қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Заңнаманың талаптарына сәйкес бұл мәмілені іске асыру банктердің депозиторларының, кредиторларының, өзге де клиенттерінің және қарсы агенттерінің халықаралық міндеттемелерді қоса алғанда, шарттар бойынша құқықтарын және заңды мүдделерін сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады.

Еске салайық, ЦентрКредит Банкінің шетелдік акционерлері өз үлестерін сататыны туралы ақпарат тараған еді. Банк акционерінің бірі INTERNATIONAL FINANCE CORPORATION-нің 10, 0% үлесін Бақытбек Байсейітов, корялық KOOKMIN BANK-нің 41, 93% үлесін Бақытбек Байсейітов пен «Цеснабанк» АҚ және  «Цесна» қаржы холдингі» АҚ бірлескен консорциумы сатып алмақ.