Ұлттық банкке стресс-тест туралы ақпаратты көбірек тарату керек – ХВҚ

1598

Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі жоспарланып отырған стресс-тест туралы банк акционерлері мен халыққа көбірек ақпарат беруі керек. Бұл туралы бүгін Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының жетекшісі  Марк Хортон мәлімдеді.

«Ұлттық банк қазір стресс-тестілеудің әдістемесімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар стресс-тестілеудің әдістемесін түсіндірудің түрлі тәсілдерін қарастыруда. Сондай-ақ, Қазкоммерцбанктің портфелін шолумен айналысуда. Стресс-тестілеу немесе банктердің активтерінің сапасын бағалау банктердің балансының сапасын анықтауға тәуелсіз көзқарас болуы тұрғысынан өте маңызды», -деді М.Хортон.

Оның айтуынша ХВҚ мұндай диагностика маңызды деп санайды.

Тек қоғамды барынша құлақтандыру маңызды дейді.

«Активтер сапасын тексеру басталған кезде Ұлттық банк акционерлерге банк акапиталын ұлғайту үшін қанша қаражат керектігі туралы ақпарат беруі тиіс. Осы ақпаратты БАҚ арқылы қоғамға жеткізу қажет», деді М.Хортон.

Еске салайық, Ұлттық банк 2017 жылы банктерге стресс-тестілеуді жүргізуді жоспарлап отыр.