Банк жаңалықтарыЖаңалықтарТаңдаулы1Таңдаулы2

Ұлттық банк Дінмұхамет Ыдырысовтан Qazaq Banki қарызын өндіріп алмақ

Медеу соты талап-арыздан бас тартты, бірақ реттеуші апелляцияға беруге ниетті.

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Алматы қаласының Медеу аудандық соты Ұлттық Банктің Дінмұхамет Ыдырысовтан 24,9 млрд теңге көлемінде өтемақы алу туралы талаптарын қанағаттандырудан бас тартты, – деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Бұл «Qazaq Banki» АҚ-ның қарызы, ал кәсіпкер міндеттеменің кепілі болды. Сонымен қатар, сот Дінмұхамет Ыдырысовтың 2017 жылғы 9 тамыздағы кепілдік міндеттемесін жарамсыз деп таныды.

«Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 25.12.2018 жылғы №7517-18-00-2/42387 шешімімен Ұлттық банктің кепіл беруші Д. А. Идрисовтың “Qazaq banki” АҚ берген қарыз бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартылды. Өз кезегінде, Ұлттық Банк Алматы қаласы Медеу аудандық сотының жоғарыда көрсетілген шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен апелляциялық шағым береді. Осылайша, осы мәселе бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін түсініктеме беру әлі ерте», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың мамыр айында Qazaq Banki Ұлттық Банктен 85 млрд теңге алды. Екі аптадан кейін банк 60 млрд теңге негізгі қарыз және 216,6 млн теңге сыйақы төледі. Қалған 25 млрд теңгені қайтару мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Берешектің жалпы сомасы қазіргі уақытта 27,5 млрд теңгені құрайды (негізгі қарыз 24,99 млрд теңге, сыйақы 295 млн теңге, тұрақсыздық айыбы 1,77 млрд теңге).

2018 жылы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Qazaq Banki» АҚ-ын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады.

Tags

Осы айдарда

Close