Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақысын қайда жұмсады?

Ұлттық
Фото: baikal24.ru

Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Ұлттық банктің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялар 83,1%-ға өсті. Егер жыл басында оларға 171 миллиард теңге инвестиция салынса, маусым айында олар 313,2 миллиард теңгені құрады.

Сондай-ақ, шетелдік эмитенттердің мемлекеттік облигацияларына инвестициялар 21 -ға 1,44 трлн теңгеге дейін, банктердегі депозиттер – 11%-ға 860,3 млрд теңгеге дейін, сондай-ақ сыртқы басқарудағы активтер 8,1%-ға 89, 5 млрд теңгеге дейін өсті.

1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандық эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына инвестициялар 2,89 трлн теңгені құрады, бұл жыл басынан 2,1%-ға көп. Оның ішінде 2,66 трлн теңге облигацияларға, 225,5 млрд теңге акцияларға тиесілі.

Сонымен қатар, Ұлттық банк ақша қаражаты мен өзге активтерге салынған салымдарды 57,6%-ға, 149 млрд теңгеден 63,1 млрд теңгеге дейін қысқартты. Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялар 0,7%-ға, 4,06 трлн теңгеден 4,03 трлн теңгеге дейін азайды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтер бойынша зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі жыл басынан бері 443,9 млрд теңгеге немесе 4,6%-ға ұлғайып, 10 трлн теңгені құрады. Алты айда таза инвестициялық табыстың өсімі 257,5 млрд теңгеге немесе 7%-ға жетті.