Мұхтар Әлиев қайтыс болды

749
Мұхтар Әлиев қайтыс болды

Академик Мұхтар Әлиев 82 жасында қайтыс болды. Алдын-ала таралған мәлімет бойынша, Халық Қаһарманын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерін, Халықаралық медицина ғылымдары академиясының тұңғыш президентін жүрек ауруы арамыздан алып кетті.

Мұхтар Әлиев 1933 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық стансасында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы ҚазССР Денсаулық сақтау министрі, А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының директоры секілді лауазымды қызметтерді атқарған. Көптеген ордендер мен медальдардың иегері.