Мұнайдың ЭКБ мөлшері мамырда қайта қарастырылмақ

400
Мұнайдың ЭКБ мөлшері мамырда қайта қарастырылмақ

Қазақстандағы мұнайдың экспорттық кеден бажының (ЭКБ) мөлшері ағымдағы жылдың мамыр айында қайта қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы сейсенбі күні журналистерге Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин хабарлады.

«Шынымен, қазір мұнай бағасы құбылмалы: бірде елуден төмен түседі, бірден елуден жоғарылайды. Сол себепті бір жақты қорытынды шығарып, мөлшерлемені нөлдеп тастау керек деуге ерте», — деді Д.Ерғожин.

Оның айтуынша, мұнай бағасының өзгеруін бақылау үшін уақыт қажет.

«Дегенмен, түзетулер жазға таман болады, жылдың аяғына дейін болжам жасай алатын боламыз. Және шамамен мамыр айында мөлшерлемелердің қандай да бір мөлшерлері туралы айтып, болжам жасауға болады. Қазір ол туралы айту ерте, біріншіден, қысқы мерзімде мұнай тұтынылуына деген сұраныс әлі де жақсы. Жазда тұтыну сұранысы әдетте төмендейді. Сол себепті біз тек мамыр айында түзетулер енгізе аламыз», — деп түйіндеді ол.

Қазіргі кезде ЭКБ барреліне 60 доллар.