Мамин үйқамаққа алынған жоқ — Антикор

Нұр-Сұлтан. 13 мамыр. 7kun.kz — Қазіргі кезде экс-премьерге қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Маминге қатысты сауалға осылай жауап берді.

«Бірден айтайын, Асқар Маминге қатысты қазіргі уақытта біздің агенттікте қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ», — деді Ұлан Сарқұлов.

Асқар Мамин 5 қаңтарға дейін Қазақстан Үкіметін басқарды.  Қызметтен кеткеннен кейін оның қайда екені белгісіз. Бұған дейін журналист Михаил Козачков Маминді үйқамаққа алынды деп жазған еді.