
Нұр-Сұлтан. 13 мамыр. 7kun.kz - Қазіргі кезде экс-премьерге қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Маминге қатысты сауалға осылай жауап берді.
«Бірден айтайын, Асқар Маминге қатысты қазіргі уақытта біздің агенттікте қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ», - деді Ұлан Сарқұлов.
Асқар Мамин 5 қаңтарға дейін Қазақстан Үкіметін басқарды. Қызметтен кеткеннен кейін оның қайда екені белгісіз. Бұған дейін журналист Михаил Козачков Маминді үйқамаққа алынды деп жазған еді.