Экономика
Маңғыстауда көлік жүргізушісі екі түйені қағып кетті: Екі адам қаза тапты

Маңғыстау облысы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Маңғыстау облысында көлік екі түйені қағып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды 7kun.kz.
16 қыркүйекте Қарақия аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау тасжолында жол апаты болғаны туралы қоңырау келіп түсті.
Шетпе ауылына қарай бет алған ВАЗ-21154 көлігінің жүргізушісі екі түйені қағып кетті. Жол апаты салдарынан екі жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, жарақат алған бес адам ауруханада жатыр.
Аталған факті Қазақстан ҚК-ның 345-бабы бойынша тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025