Маусымда G7 Ресейге қатысты санкцияларды ұзартады

490

Жапония. 27 мамыр. 7kun.kz — «Үлкен жетілік» (G7) елдерінің көшбасшылары Жапонияда өткен саммитте маусымда Ресейге қатысты санкцияларды ұзарту туралы келісімге келді. Бұл жөнінде Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Камерон мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС.

«Минск келісімдері толықтай орындалғанынша қазіргі санкциялар күшінде қалуы керек дейді «жетіліктің» көшбасшылары», — деді премьер-министр баспасөз отырысы кезінде.

Қорытынды декларацияға сәйкес, G7 елдері Ресеймен арадағы қарым-қатынастың маңызды екендігін мойындаса да, Мәскеудің минск шарттарын толық орындамай, санкциялар алынбайтын болды. «Мәскеу өз мінддеттерінің барлығын орындаған соң барып санкциялар алынады», — делінген құжатта.

Еуропа санкцияларының мерзімі 31 шілдеде аяқталады. Оларды созу мәселе талқыланған жоқ.