Басты бетке Жаңалықтар Мектеп оқушыларына арналған алғашқы ғылыми-танымдық Oyla журналы жарық көрді

Мектеп оқушыларына арналған алғашқы ғылыми-танымдық Oyla журналы жарық көрді

1277

Мектеп жасындағы балаларға арнап Қазақстанда тұңғыш рет ғылыми-танымдық журнал шыға бастады. Oyla жобасының мақсаты – оқушылардың ғылымға, өнертануға деген  қызығушылықтарын туындату. Oyla қазақ және орыс тілдерінде ай сайын басылады. Тиражы — 20 мың дана.

Журнал балалар мен ата-аналарына қиын дүниелерді қарапайым тілмен жеткізетін үш топтамадан тұрады. Бірінші топтамада физика, химия, астрономия, география және өзге де мектеп пәндеріне қатысты танымдық материалдар енген. Екіншісінде — редакция мамандықтар, жаңа технологиялар, лингвистика, тарих, иенженерия туралы ақпараттармен қоса, ғалымдармен болған сұхбаттарды жариялайды. «Талапкердің жаттығулары» айдарында оқушылардың емтихан мен ҰБТ сынақтарын жақсы тапсыруына көмекші материалдар жарық көреді. Үшінші топтамада — спорт, хобби туралы мақалалар, тәжірибелер мен олардың сипаттамалары, ғылым жаңалықтар жария болады. 

В Казахстане запустился первый научно-популярный журнал для школьников Oyla

Басылым жұмыстарына журналистермен қатар, ғалымдар, отандық және шетелдік ЖОО оқытушылары, ең үздік деген суретші мен үйлестірушілер жұмылдырылды. Бас редакторы — Ердос Төлегенов, баспагер — Людмила Утемуратова.

В Казахстане запустился первый научно-популярный журнал для школьников Oyla
Ердос Төлегенов пен Людмила Утемуратова

Журналдың алғашқы саны қазақстандық мектептерге тегін таратылды. Алдағы уақытта ұстаздар мен оқушылармен кері байланыс болады деген үмітте басылым тобы. Екінші саны ақылы болады. Бағасы — 1290 теңге. Басылымға жазылуға болады. 

Дереккөз: buro247.kz