Мемлекеттік аппарат бизнес пен азаматтардың сұранысына 3 күннің ішінде жауап береді

Жамбыл
Фото: sputniknews.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында мемлекеттік аппаратты шешім қабылдаудың баяу стилі мен шенеунік формализмінен арылуға шақырды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Құбылмалы жағдайда мемлекеттік аппарат ахуалға қарай жедел әрі үйлесімді әрекет ету керек. Шешім қабылдаудың баяу стилі мен шенеунік формализміне бұл жерде жол беруге болмайды. Қазір толығымен жұмылу керек. Шешімдер бизнес пе азаматтардың шынайы сұраныстары негізінде жылдам қабылдануы қажет. Ары кетсе, қайталап айтамын, ары кетсе 3 күн ішінде, әйтпесе, тәулік ішінде қабылдануы керек», -деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент Үкімет шектен тыс бюрократияны жою қажет екендігін айтты. Оқу үшін осы сілтемені басыңыз.

Айта кетейік, 16 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады. Онда Президент Ұлытау, Абай, Жетісу облыстары құрылатынын айтты. Сонымен қатар Үкіметке дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыруды тапсырды, Қазақстан аралас сайлау жүйесіне көшетінін мәлімдеді.