Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.
Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.
Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер жылдан - жылға ауқымдырақ болып келеді. Соған сәйкес қазіргі кезде мемлекет, шаруашылық субъектісі мен жеке тұлғалар арасындағы экономикалық қарым - қатынастар жаңа сипат алып отыр. Бұл сипаттың негізі – пайда табу. Еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олар өндірістік, қызмет көрсету, қаржылық іс - әрекетпен айналысу үшін өзін - өзі қаржыландыру принципіне негізделуі тиіс. Ал бұл шаруашылық субъектілердің өздерінің жаңа құрған кәсіпорындарына өмір сүру үшін салым, жарна, пай салу арқылы тыныс берулері болып табылады. Ал бұл жағдай бухгалтерлік есептің «Капитал мен резервтер» атты бөлімінде талданады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъект күрделі экономикалық әрі сенімді ақпараттық басқару жүйесін қалыптастыруды қалайды. Кәсіпорынның меншікті капиталының қалыптасуын ұйымдастырудағы қағидалары қазақстандық бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастыруды қажет етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсеткендіктен ол жылдық қаржылық есеп беруде, яғни бухгалтерлік баланста және меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруде толық талданады. Бұдан пайдаланушылар сенімді ақпарат ала алады.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2005 жылдың 1 қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына жүргізілсін деген бұйрығына сәйкес курстық жұмыста «Меншікті капиталдың құрамының есебі» халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Акционерлік қоғам туралы», «Шаруашылық серіктестік туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының Азаматтық және Әкімшілік Кодекстері бойынша шарушылық субъектісінің әр түрлерінің меншікті капиталдарын қалыптастыру тәртіптері қарастырылды.
- Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебінің міндеттері
1.1 Меншікті капитал –экономикалық ресурстардың қалыптасу көзі
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрлымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы.
Ұйымның барлық мүлігі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер болып екіге бөлінеді.
Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдардан, метериалдық емес активтерден, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардан, басқа да ұзақ мерзімді активтерден құралады. Жалпы ұзақ мерзімді активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал, қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және басқа да қысқа мерзімді активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құрылу көздері.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен қысқа мерзімді қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- бөлінбеген кіріс.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларының басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық қарыздар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді.
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Барлық ұйымдардың меншікті капиталына екі қасиет тән. Біріншіден, ол материалдық-құндылық құрылым иеленбегендіктен сезілмейді және ол әрқашанда активтің көзі рөлінде қатысады. Екіншіден, меншікті капитал ақшалай түрден заттық түрге ауыса алатын немесе керісінше жағдайда өзінің нысанын өзгертетін «меншікті құралдар» түсінігіне синоним деп қарастыруға болмайды.
Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:
- жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;
- мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;
- меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;
- инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;
- резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;
- алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.
Меншікті капитал есебіне Халықаралық қаржылық есеп стандартының бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес V бөлім арналған.
«Капитал және резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал- бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.
Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 «Шығарылған капитал»
5100 «Эмиссиялық кіріс»
5200 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»
5300 «Резервтер»
5400 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)»
5000 «Шығарылған капитал» кіші бөлімі шығарылған капиталды есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5010- «Жарияланған капитал» -мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады;
5020- «Төленбеген капитал» - онда ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу, салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу жөніндегі жеке тұлғалар мен ұйымдардың берешегі және салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі.
5100 «Эмиссиялық кіріс» кіші бөлімі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
5110 - «Эмиссиялық кіріс» - онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс есепке алынады.
5200 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар» кіші бөлімі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған және шоттардың мынадай тобын қамтиды:
5210- «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар» - онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.
5300 «Резервтер» кіші бөлімі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:
5310- «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал» - онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5320- «Қайта бағалауға раналған резерв» - онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5330- «Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв» - онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айырмалар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;
5340- «Басқа да резервтер» - онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.
5400 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)» бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған залалды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5410- «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» - онда есептік жылдың пайдасы немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;
5420- «Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (залалды) түзету» - онда есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (залалды) түзету жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5430- «Өткен жылдардағы пайда (залал)» - онда өткен жылдардағы пайда (залал) көрсетіледі.
- Меншікті капиталдың есебі.
2.1 Шығарылған капитал (Жарғылық капитал) есебі.
Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады. Қосымша №1
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.
Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек, бiрақ сол бағалауды тәуелсiз эксперт қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қайта тiркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлiк құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерiмен қуатталып бағалануы мүмкiн.
Осындай бағалау кезеңiнен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылтайшылыры өздерi қосқан сомаларының шегiнен артық бағаланған салымдарына субъектi кредиторларының алдында бiрлесiп жауап бередi.
Егер де салым ретiнде субъектiге мүлiктi пайдалану құқы берiлсе, онда бұл салым үшiн төленетiн төлемнiң мөлшерi, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмi үшiн есептелген сомадан анықталады.
Мүлiктiк құқы жоқ және басқа да материалдық емес игiлiктердi жеке салым ретiнде жасауға рұқсат етiлмейдi, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есаптесуге жатқызуына болмайды.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:
- ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
- ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
- жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.
Акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталының қалыптасуында ерекшеліктер бар. Қосымша №2, №3
Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек, яғни жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.
Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері жарғылық капиталдың 50 пайыз құрауы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшерін жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең сомадан асса, оны бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек.
Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы тіркелгенде немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына жағдайларда тексеріледі:
- кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді.
- сот шешімі бойынша.
- әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық есеп беру бойынша.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзінің үлесін немесе оның бөлігін өз еркі бойынша осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің өзгеруі серіктестікке жаңа қатысушының келуі мен шығуына байланысты болса да жарғылық капиталға қайта есептеу жүргізіледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының өсуі оның толық төленгеннен кейін жүзеге асырылады және ол мына жолдармен жүргізілуі мүмкін:
- серіктестіктің барлық қатысушыларымен жүргізілген қосымша, пропорциондалдық салымдар;
- жарғылық капиталдың мөлшері серіктестіктің меншіктік капиталының есебінен, сонымен қатар оның резервтік капиталының есебінен өсуі;
- серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталдың) қайта бағалау, нақты құны баланстық құннан асатын. Қайта бағалау тәуелсіз экспертпен ғана жүргізілуі керек.
- бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарымен, егер барлық басқа қатысушылар рұқсат етсе.
- серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алған кезде.
Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің кемуі серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының мөлшерін пропорционалды кеміту арқылы жүргізіледі.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады.
Акционерлік қоғам- жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.
Акцияның номиналдық құны- акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.
Орналастыру бағасы- алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын акция бағасы.
Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.
Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд алуға, сонымен қатар қоғам жабылған кезде заңмен бекітілген негізде қоғамның мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.
Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.
Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.
Артықшылығы бар акция акционерге қоғамды басқаруға құқық бермейді, келесі дербес жағдайлардан басқа, егер:
- акционерлік қоғамның жалпы жиналысы артықшылығы бар акцияны иеленуші акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін шешімдер бойынша сұрақтарды қарастырады.
- қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның жабылуы немесе қайта құрылуы бойынша сұрақтарды шешуге қатысады;
- артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер толық көлемде оның төленуі тиіс мерзімнен үш ай асып кеткенде.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010 «Жарияланған капитал» деген шотта 5000 «Шығарылған капитал» шоттар бөлімшесіне енгізілетін шотта жүргізіледі.
Заңды тұлға өндірістік кооператив формасында ұйымдастырылуы мүмкін. Олардың жеке еңбекпен катысуы және оның мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік үшін мүшелік негізінде азаматтардың ерікті түрде бірігуі өндірістік кооператив болып танылады.
Өндірістік кооператив жарғысы заңды тұлға жарғысының жалпы ережелерінен өзге, кооператив мүшелерінің пайдалары туралы кооператив мүшелерінің кұрамы мен пайлар салу тәртібі туралы және пайлар салу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі туралы; кооператив қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысу тәртібі туралы; кооператив пайдаларын болу мен шығындарын (залалдарын) өтеу тәртібі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзырлары туралы жағдайлардан тұруы тиіс.
Салынған пай кооператив мүшесінің үлесі болып саналады.
Кооператив пайдасы, егер кооператив жарғысында басқалай қаралмаған болса, олардың еңбектеріне сәйкес, кооператив мүшелері арасында бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпорын- шаруашылық меншік құқығына немесе оперативтік басқаруға негізделеді.
Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі мемлекетке жатады, бөлінбейтін болып саналады және салымдар (үлес, пай) бойынша, оның ішінде кәсіпорын жұмыскерлері арасында бөлінбейді.
Мемлекеттік кәсіпорындар өкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады. Мемлекет мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы болып қатысады. Жарғылық капитал мемлекет бөлген мүлік есебінен қалыптасады.
Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар, оның міндеттемелері бойынша құрылтайшылардың субсидияларлы жауапкершілік көтеретіндігімен сипатталады.
Коммерциялық емес ұйымдар- басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын және қаржыландырылатын ұйым. Қосымша №4
Серіктестіктердегі капиталдың есебі.
Серіктестіктердегі капиталдың бухгалтерлік есебі жеке иеленудегіге өте ұқсас болып келеді. Негізгі айырмашылығы капиталды салу мен алу шоты бойынша әр әріптеске пайда мен зиянды бөлуінде көрінеді. «Әріптестер капиталы» баланстық есеп беру кезінде әр шот бойынша қалдықты көрсету керек.
Салымдар есебі. Әр әріптес серіктестікке материалдық және материалдық емес активтерді құрылтай келісім-шартында көрсетілген тәртіпте сала алады. Салынған активтер серіктестікке активті салған күні әділ нарықтық бағасы бойынша бағалануы керек.
2005 жылы 1 шілдеде Ахметов Мади мен Балтабаев Жанибек өздерінің капиталдарын біріктіріп жауапкершілігі шектеулі серіктестік «КаzЖиһаз» ашпақшы болды. Ахметов 280 000 теңге ақша қаражатын және 370 000 теңгеге бағаланған жиһаз салды. Балтабаев 400 000 теңге ақша қаражатын және 200 000 теңгеге бағаланған құрал- жабдық салды.
1 шілде
Д 1010, 1040 Ақша қаражаты.............................................280 000
2410 Жиһаз.......................................................................370 000
К 5020 Ахметовтың капиталы............................................650 000
Д 1010, 1040 Ақша қаражаты............................................400 000
2410 Құрал жабдық.........................................................200 000
К 5020 Балтабаев капиталы...............................................600 000
Серіктестік инвестициямен байланысты міндеттемелерді ала алады. Сөйтіп, Балтабаев қосымша жеті айдан кейін өзі қозғалатын арбаша, сомасы 450 000 теңге құрайтын салды. Бұл мүлікке қатысты кредиторлық қарыз серіктестікпен 370 000 теңге қабылданды. Бухгалтерлік жазу:
1 ақпан
Д 2410 Көлік құралы...................................................................................450 000
К 3310 Жеткізушілер мен медігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары............................................................................................................370 000
К 5020 Балтабаев капиталы..........................................................................80 000
Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу.
Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу серіктестіктің келісім-шартында көрсетілген кез келген әдіспен жүргізіледі. Серіктестіктің пайдасы ереже бойынша үш бөлімге бөлінеді:
- әріптестер капиталдары (салынған капиталға пайыз ретінде қарастыруға болады)
- әріптестермен көрсетілген қызметтерге өтем (әріптестердің еңбекақылары ретінде қарастыруға болады)
- коммерциялық тәуекелден қосымша пайда.
Пайданы мұндай үш бөлімге бөлу әр әріптестің серіктестікке қанша салғанын көрсетуге мүмкіндік береді.
Пайданы бөлудің бірнеше әдістері бар:
- бекітілген пропорция бойынша
- салынған капиталдың ара салмағы бойынша
- жалақының мөлшерінен тәуелді және бекітілген пропорция бойынша капиталдан пайыздар.
Табысты бөлудің әртүрлі нұсқауларын қарастырайық.
Бекітілген пропорция әдісі. Егер барлық әріптестердің салымдары бірдей көлемде болса, онда олар пайданың тең үлестерін алады.Бірдей салымдар әртүрлі нысанда болуы мүмкін. Мысалға, барлық әріптестер бірдей капитал салулары мүмкін немесе біреуі қызметіне көп уақыт бөліп басқару бойынша көптеген мүмкіндіктерді иеленуі мүмкін, ал енді біреуі көп капитал салуы мүмкін. Егер әріптестер серіктестікке әртүрлі салым салса, онда пайданы бөлу де әртүлі жүргізіледі.
Ахметов пен Балтабаев өткен жылы 1 400 000 теңге пайда алды. Серіктестіктің келісім-шарты бойынша пайда мен зиянды бөлу 60% және 40% пропорция бойынша Ахметов пен Балтабаевқа тиесілі.
30 маусым 2006 жыл
Д 5410 Таза пайда.......................................................1 400 000
К 5020 Ахметовтың капиталы ( 1 400 000*60%) .......840 000
К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*40%).......560 000
Салынған капиталдың ара салмағы әдісі. Ахметов пен Балтабаев 1 250 000 теңге капиталмен серіктестік құрды. Ахметов 650 000 теңге, Балтабаев 600 000 теңге салды.
Егер серіктестіктің қызметіне салынған капитал пайданың ең көп бөлігін берсе, онда пайда мен зиян салынған капиталға сәйкес бөлінеді.Бұл екі жақты талданады:
- Әр әріптестің салған капиталы шоты бойынша жыл басына қалдық негізінде (қосымша салымдар мен алымдарды есептемегенде):
30 маусым 2006 жыл
Д 5410 Таза пайда ...............................................................1 400 000
К 5020 Ахметовтың капиталы (1 400 000*65/125)...............728 000
К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*60/125)............672 000
- Осы шоттар бойынша орташа жылдық қалдықты қолдану негізінде:
Егер әріптестер жыл бойы олардың капиталдағы үлестері өзгеруі мүмкін деп санаса, онда пайда мен зиянды бөлу әр әріптестің капиталындағы үлесі орташа салмақтандырылған негізде жүргізіледі.
2005 жылы 1 қарашада Балтабаев 100 000 теңге, ал 2006 жылы 1 қаңтарда Ахметов 100 000 теңге алды. Сонымен қатар, 2006 жылы 1 қаңтарда Балтабаев қосымша 80 000 теңге салды. Орташа капиталдың жылға есебі:
Әріптес | Кезең (ай,жыл) | капитал | Айлар саны | Капитал*ай | Орташа капитал |
Ахметов Балтабаев Капитал орташа жинағы | 07.01.12.01. 01.02.06.02. 07.01-10.01 11.01-01.02 02.02-06.02 | 650 000 550 000 600 000 500 000 580 000 | 6 6 12 4 3 5 12 | 3 900 000 3 300 000 7 200 000 2 400 000 1 500 000 2 900 000 6 800 000 | 600 000 566 670 1166670 |
Капиталдағы пайыздық қатынас:
Ахметов= 600 000/1 166 670=51,4% Балтабаев=566 670/ 1 166 670=48,6%
Пайданы бөлу бойынша бухгалтерлік жазу:
30 маусым 2006 жыл
Д 5410 Таза пайда ..................................................................1 400 000
К 5020 Ахметовтың капиталы (1 400 000 * 0,514)...............719 600
К 5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*0,486).................680 400
Жалақының мөлшерінен тәуелді және бекітілген пропорция бойынша капиталдан пайыздар әдісі.
Назарға салымдардың бірдей емес екенін ала отырып, кейбір серіктестіктер әріптестерге еңбекақы мен салынған капиталға пайыздар тағайындайды. Олардың комбинациясы пайданы бөлуде есепке алынады. Пайыздар мен еңбекақы пайданы анықтаған уақытқа дейін шығын ретінде қарастырылмайды.
Ахметов пен Балтабаев салынған алғашқы капиталынан 10 пайыз алуды шешті, сонымен қатар еңбекақы (Ахметов 700 000 тг және Балтабаев 600 000 тг). Қалған табыс немесе зиян тең бөлінуі керек. Жалпы пайда 1 400 000 тг құрады.
Еңбекақы мен пайыздарды бөлгенен кейін пайданы бөлуде теріс сома пайда болуы мүмкін. Ол серіктестіктің келісім шартында көрсетілген пропорцияға сәйкес жабылуы керек.
Әріптестер | Бөлінетін пайда | ||
Ахметов | Балтабаев | ||
Бөлінетін пайда 1 400 000 Еңбекақыны бөлу 700 000 600 000 1 300 000 Еңбекақыны бөлуден кейінгі пайда 100 000 Салынған капиталға пайызды бөлу: Ахметов (650 000 * 10%) 65 000 60 000 125 000 Балтабаев (600 000 * 10%) Пайыздар мен еңбек ақыны бөлуден кейінгі пайда соммасы -25 000 Қалған соманы тең бөлу -12 500 -12 500 25 000 Жиыны 752 500 647 500 1 400 000 | |||
Пайданы бөлу бойынша бухгалтерлік жазу:
Д 5410 Таза пайда ...............................................................................1 400 000
К 5020 Ахметовтың капиталы ..............................................................752 500
К 5020 Балтабаевтың капиталы ............................................................647 500
Серіктестікті тарату (қайта тіркелу).
Серіктестікті тарату оның бастапқы құрамында өзгерістер орын алғанда жүргізіледі. Жаңа әріптесті қабылдау соңынан серіктестікті таратуға әкеліп соғады, себебі ол жаңа ассоциация ұйымдастырады. Бұрынғы серіктестікті тарату мен жаңасын құру тек алдыңғы қатысушылардың келісімімен жүргізіледі. Тұлға серіктестікке екі әдіспен қабылдануы мүмкін:
- бір немесе бірнеше бұрынғы әріптестердің капиталының үлесін сатып алу жолымен;
- серіктестіктің капиталына салым салу жолымен;
Әріптестің капиталының үлесін сатып алу. Әріптес Ахметов өзінің үлесіндегі 700 000 теңгені 1 000 000 теңгеге Рахимбековқа сатпақшы болды. Балтабаев бұған келісті. Бухгалтерлік жазу келесідей болады:
31 тамыз
Д 5020 Ахметовтың капиталы ..........................................................700 000
К 5020 Рахимбековтың капиталы......................................................700 000
Серіктестікке капитал салу. Әріптестер Ахметов пен Балтабаев Рахимбековты егер ол 750 000 тг салса ғана қабылдамақ.
31 тамыз
Д 1010, 1040 Ақша қаражаттары ................................................750 000
К 5020 Рахимбековтың капиталы...............................................750 000
Алдыңғы әріптестерге сыйақы. Кейде, бұрынғы әріптестер жаңа әріптесті қабылдай отыра оның үлесін анықтап одан сыйақы алуы мүмкін. Жаңа әріптес 1 000 000 тг салуды қалайды, ал оның капиталдағы үлесі 800 000 тг құрайды. 200 000 тг артықшылық алдыңғы әріптестерге сыйақы болады. Егер сыйақыны бөлу тәртібі келісім шартта қарастырылмаса, онда сыйақы пайда мен зиян сияқты бөлінеді.
Ахметов пен Балтабаев серіктестікте бірнеше жыл жұмыс істеді және келесі капиталды иеленді.
Әріптес Капитал(тг) Үлес
Ахметов 1 600 000 55%
Балтабаев 1 400 000 45%
Жиыны 3 000 000 100%
Рахимбеков осы серіктестікке қосылғысы келеді және 1 желтоксанда 1 000 000 тг әріптестер капиталының бестен бір бөлігін салуды ұсынады.
Алғашқы әріптестерге сыйақы есебі:
5020 Алғашқы әріптестердің капиталдары ...................................3 000 000
5010 Рахимбековтың салымы .........................................................1 000 000
5020 Жаңа серіптестіктің капиталы ...............................................4 000 000
Алдыңғы әріптестерге сыйақылар:
5010 Рахимбековтың салымы...................................................................1000 000
Минус:Рахимбековтың капиталының үлесі( 4 000 000*1/5).. 800 000...200 000
Сыйақыны бөлу:
Ахметов (200 000*55%)...................................................................110 000
Балтабаев (200 000*45%)...................................................90 000...200 000
Серіктестікке Рахимбековтың 1 000 000 салымы тіркелгенде келесі жазу жазылады:
1 желтоқсан
Д 1010, 1040 Ақша қаражаттары.....................................................1 000 000
К 5020 Ахметовтың капиталы............................................................110 000
К 5020 Балтабаевтың капиталы............................................................90 000
К 5020 Рахимбековтың капиталы.......................................................800 000
2.2 Эмиссиялық кіріс және сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар есебі
Эмиссиялық кіріс дегеніміз- акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық кірісі). Мұндай капиталдың есебі 5110 «Эмиссиялық кіріс» шотында жүргізіледі.
Эмиссиялық кіріс шоты акционерлермен дивиденд түріндегі бөлуге жатпайды. Басқаша айтқанда, эмиссиялық кірістің ақшалай эквиваленті алынғаннан кейін ол компанияда қалады.
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар- бұл сатылған, содан соң шығарған акционерлік қоғам сатып алған акциялар. Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар фирманы тарату кезінде активтердегі үлесіне дивидендтер алуға құқық бермейді.
Акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар туралы ақпараттар қалыптастыру үшін 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар» шоты тағайындалған. Осы шоттың дебеті бойынша акционерлерден сатып алынған акциялар құны, айналымнан қайтарып алған немесе опциондар арқылы сатылған акциялардың құны көрсетіледі.
Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша меншікті акцияларды сатып алуды жүргізуге құқығы бар. Акцияларды сатып алу:
- акционерлік қоғамның акциялары үшін қолайлы конъюнктураны ұстап тұру;
- әрбір айналым жасаушы акциялардың кірісін көбейту;
- өзге компанияларға сату үшін қолда акциялардың қажетті санына ие болу;
- өзге заңды және жеке тұлғалардың акциялардың бақылау пакетін басып алуын жою;
- опциондар арқылы жұмысшылармен қызметкерлерге таратып бөлу үшін қолда акциялардың болуы, яғни белгілі бір жеңілдік жағдайларында қызметкерлер (жұмыскерлер) арасында акциялар тарату туралы әкімшілік пен оның қызметкерлері (жұмыскерлері) арасындағы келісім үшін жүзеге асырылуы мүмкін.
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар:
- айналымнан алынып қойылуы;
- сатылуы және қор нарығы айналымында тағы да пайда болуы мүмкін.
Акционерлік қоғам барлық кредит берушілерге акцияның сатып алынатыны туралы хабарлауы керек. Ал кредит берушілер қоғамнан өз жұмысын азайтуда тоқтатуды және өздеріне келтірген залалдың орыны толтыруды талап етуге құқылы.
Заңға сәйкес сатып алынған акция құны қоғам шығарған акцияның жалпы санының 25%-інен аспауы керек, ал акцияны сатып алуға қоғам бағыттаған қаражат қоғамның 10% өзіндік капиталынан аспауы керек.
2.3 Резервтік капиталдың есебі
Жарғылық капиталдың бекітілген мөлшерін қамтамасыз ету үшін және құрылтайшылардың (акционерлер, инвесторлар) тұрақты түрде дивидендтер алу қызығушылығын сенімді қорғау үшін кәсіпорындарда резервтік капитал құрылуы мүмкін.
Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субьектінің негізгі қызметінен алынған залалдарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталды құрудың негізгі мақсаты акция құнының төмендеуі тәуекелі туындаған жағдайда жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін ұстап тұру, себебі жарғылық капитал осы резервтер есебінен толып отырады. Резервтік капитал ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін екі жыл ішінде қалыптасуы керек.
Резервтік капиталдың есебі 5300-ші «Резервтер» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5310-ші «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», 5320-шы «Қайта бағалакға арналған резерв», 5330-шы «Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв», 5340-шы «Басқа да резервтер».
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалары) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
5340 «Басқа да резервтер» шотында заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
Бұл шоттардың аналитикалық есебі №13 журнал-ордерде жүргізіледі.
2.4 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) есебі
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «Бөлінбеген кірісі (жабылмаған залалы)» болып табылады.
«Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)» есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарындағы 5400 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.
Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп беру.
Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңына сәйкес қаржылық есеп беру өзіне: бухгалтерлік баланс; кірістер мен шығыстар туралы есеп; ақша қозғалысы туралы есеп; меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп беруді қосады.
Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп беру акционерлер немесе ұйымға қатысушылар сияқты қаржылық есеп беруді қолданушылардың қызығушылығын көрсетеді. Баланста меншікті капитал жеке бөлім ретінде қарастырылған. Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп беру бұл ақпаратты сандық өзгерістермен толық қамтиды. Есеп беру кесте ретінде талданады, меншікті капиталдың шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдары көрсетіледі, ал жиыны есеп берудің жолдарының көрсеткіштері сомаланғаннан кейін есепті жылдың 31 желтоқсанына «Меншікті капитал» баланс бөлімінің көрсеткішінің жиынтық сомасын береді.
Есеп саясатындағы өзгерістер қорлардың өзіндік құнын бағалағанда, амортизацияны есептеудің әртүрлі әдістерін қолданғанда пайда болуы мүмкін. Есеп беруді жасалу бойынша Әдістемелік нұсқауларда негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдісін ұйымдастырудағы өзгерістерді есепті кезеңде де болатыны жазылған «Есеп саясаты және оны ашу» ұйыммен тандалған есеп саясаты бір есепті кезеңмен келесісіне жүйелі түрде қолданылады. Амортизацияның есептеу әдісінің өзгешесі бөлінбеген кіріске ғана емес сонымен қатар «Қайта бағалауға арналған резерв» бабына әсер етеді.
«Негізгі құралдардың есебі» ХҚЕС №16 сәйкес активтің қайта бағалалау сомасы амортизацияны есептеу әдісі қолданылуына сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске көшіріледі.
«Қайта есептелген қалдық» есеп берудің жолы меншікті капиталдың құрылымындағы өзгерістер есебімен жарғылық капитал, резервтік капитал, эмиссиялық кіріс және бөлінбеген кіріс (залал) бойынша қалдықты қайта есептеуді айқындайды. Қайта есептеу 31 желтоқсанға қалдықты есептеу мен есеп саясатыңдағы өзгерістермен жүргізіледі.
Резервтік капиталдың өзгерісі заңға сәйкес жүзеге асырылады. Мысалға, акционерлік қоғамның резервтік капиталы қоғамның залалдарын жабу үшін оның жарияланған жарғылық капиталына 15 %-дан кем емес мөлшерде құрылады. Резервтік капитал қоғамның мемлекетік тіркеуден өткеннен кейін 2 жыл ішінде қоғамның таза кірісінен аударымдар жолымен құрылады. Резервтік капиталдың өзгерісі резервтік капиталды жарғылық капитал мөлшерін өсіру өшін толық немесе жартылай бағыттау есебінен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өзгеріс резервтік капитал мөлшері мен жарғылық капитал мөлшерін бірдей сомаға өзгертеді. Резервтік капиталдың азаюы дебеттік айналымда, ал жарғылық капиталдың өсуі кредиттік айналымда көрсетіледі.
Незізгі құралдарды қайта бағалау «Негізгі құралдардың есебі» ХҚЕС №16 сәйкес жүргізіледі және сәйкесінше «Қайта бағалауға арналған резерв» бабының көрсеткішінің мөлшеріне әсер етеді. Айта кететін жай, негізгі құралдарды қайта бағалауда негізгі құралдардың құнының пропорционалды өзгерісінің тозуының қайта есептеу қажет.
Инвестицияны қайта бағалау. Қаржылық инвестицияларды алған кезде сатып алу құны бойынша қолданады. Ұйым мемлекетік облигацияларды номиналдық құнынан 200,0 мың тг 220,0 мың тг сатып алды. Сатып алу құны мен номиналдық құны арасындағы айырма жылға есептелгенде 10,0 мың тг (220,0 – 200,0)/2 жыл құрайды. Есепте облигациялар сатып алу құнымен есептелінеді немесе 220,0 мың тг. 15 жылдық пайызға 30,0 мың тг (200,0 * 15%) шартымен алынған.
Пайыздарды есептегенде 1 жылы инвестицияның құны 10,0 мың тг азаяды, 20,0 мың тг сома табыс ретінде мойындалады (30,0 – 10,0, Екінші жылға пайыз осы сияқты анықталады.
Қаржалық инвестицияларды қайта бағалаудың ерекшеліктері бар. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың қайта бағалау нәтижесінен «Қайта бағалауға арналған резерв» шотында, ал кему шығын ретінде есептелінеді. Өткен уақытта кему жағына қайта бағаланған инвестицияның құнының өсуінің қайта қалпына келтіруі керек.
Шетел бөлімшелердегі инвестицияларды қайта бағалаудан бағамдық айырмашылық инвестицияларды еншілес, тәуелді немесе бірлесіп бақыланатын ұйымдарға салу нәтижесінен туындайды. Шетелдік валюта операциялар бойынша туындайтын бағамдық айырмашылық сияқты шетелдік бөлімшелерге инвестициялардың табыс немесе шығыстан бағамдық айырмашылықтың өзіндік ерекшеліктері бар.
Ұйым өзінің шетелдік бөлімшесіне ұзақ мерзімді қарызды шетелдік валютада береді, пайда болған бағамдық айырма ұйымның қаржылық инвестициясының кеңеюі ретінде мойындалады да оның меншікті капиталының өсуіне әкеледі.
Кіріс және шығыс туралы есеп беруде мойындалмаған кіріс (залал) негізгі құралдарды қайта бағалау сомасын бөлінбеген кіріске, сонымен қатар қайта бағаланған инвестиция сомасына көшіру есебінен өзгертіледі.
Кезең кірісі (залалы) кіріс және шығыс туралы есеп беру көрсеткіштеріне сәйкес есептік кезеңде алынған кіріс (залал) сомасын көрсетеді.
Дивиденттер есеп беруге меншікті капиталдың есептеген мөлшерін азайтады, егер акционерлік жиналыста олардың төлеумеуі шешілсе бұл жолы көрсетілмейді.
Қорытындылай келгенде, бухгалтерлік баланста, кірістер және шығыстар туралы есеп беруде, ақша қозғалысы туралы есеп беруде және меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп берудің құрамы мен мазмұнында бір есеп беру кезеңінің келесі кезеңінде қолданылады.
Халықаралық бухгалтерлік есеп беру стандартына сәйкес меншік капиталындағы өзгеріс туралы есеп беру келесі баптарды қосады:
- кезеңге пайда мен зиян;
- басқа стандарттарға сәйкес меншікті капиталда мойындалатын кезеңге пайда мен зиян, табыс пен шығыстың әр баптары;
- ұйымның қатысушыларының үлесіне қатысты сомасы көрсетілген кезең табыстары мен шығыстарының қорытындылары.
2.5 Меншікті капиталдың синтетикалық есебі.
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.
Төленбеген капиталдың есебі.
Жарияланған жарғылық капитал сомасына 5020 «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5010 «Жарияланған капитал» шоттары кредиттеледі.
Жарғылық капиталға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5020-шы «Төленбеген капитал» шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:
- материалдық емес активтерді жарғылық капиталға жарна ретінде төлеу кезінде- 2710, 2730 шоттары;
- негізгі құралдарды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық капиталға жарна ретінде төлеу кезінде-2410 шоты;
- ақша –қаражаттарын жарғылық капиталға жарна ретінде аударған кезде- 1010, 1020, 1040, 1050;
Егер де 5020 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық капиталын толығымен қалыптастырылғанын білдіреді.
Эмиссиялық кіріс есебі.
Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 5110 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 1050, 1040, 1010, 1020.
«Арай» кәсіпорынына құрылтай құжаттарында көрсетілгендей 20 000 жай акцияларды номиналдық бағасы 100 теңгеге шығаруға рұқсат етілген.
Д 5020 Төленбеген капитал..............................2000000
К 5010 Жай акциялар........................................2000000
1 қаңтарда «Арай» 10 000 акцияны номиналдық құнымен сатады:
1 қаңтар
Д 1010, 1040 Ақша қаражаттары......................1000000
К 5020 Төленбеген капитал..............................1000000
Егер болашақта кәсіпорынның потенциалы жағымды деп саналса, басшылар қосымша акцияларды шығаруға ниет білдіреді. Бұл кезде компаниямен түзету жасалады, яғни акцияның нарықтық құны осы уақыттағы номиналдық құнынан жоғарлатылады.
«Арай» кәсіпорыны 1 000 акцияны 1 наурызда 120 теңгеге сатты.
1 наурыз
Д 1010, 1040 Ақша қаражаттары (120 тг.* 1 000)........120 000
К 5020 Төленбеген капитал ( 1000*100тг)....................100 000
К 5110 Эмиссиялық кіріс..................................................20 000
Соңғы сома авансталған (салынған) капиталдың бөлігі болып табылады.
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар есебі бойынша бухгалрелік есеп жазуларын келесі кестеде қарастырамыз:
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар есебі
№ п/п | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Корр. шот | |
Дебет | Кредит | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Акционерлерден сатып алу құны бойынша меншікті акциялар сатып алу | 5210 | 1040, 1050, 1010, 1020 |
2 | Сатып алынған акциялардың сатып алу және номиналды құны арасындағы айырма: | ||
егер акциялар олардың номиналдық құнынан төмен баға бойынша сатып алынса | 5210 | 5410 | |
егер акциялар олардың номиналдық құнынан жоғары баға бойынша сатып алынса | 5410 | 5210 | |
3 | Эмиссиялық кіріс | 5110 | 5210 |
4 | өз жұмыскерлеріне опцион арқылы сатып алынған меншікті акцияларды сату | 1040, 1050, 1010, 1020 | 5210 |
Резервтік капитал есебі.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған кезде 5410 шоты дебеттеледі де, 5310 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5310-ші шоттың дебетімен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:
3030, 3390, 3050 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5410-шот «Есептік жылдың пайдасы (залалы)», 5430-шот «Өткен жылдардағы пайда (залал)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.
Қайта бағалауға арналған резерв.
Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады.
Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2410 шоты дебеттеліп, 5320 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалауына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5320 шоты дебеттеліп, 2420 шоты кредиттеледі.
Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізіледі.
Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қайта бағалауға арналған резерв есебі
№ п/п | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Корр. шот | |
Дебет | Кредит | ||
1. | Негізгі құралдарды (жерден өзге) құнының ұлғаю сомасына | 2410 | 5320 |
2. | Олардың құнының ұлғаюын ескере отырып, негізгі құралдардың тозуын көбейту | 5320 | 2420 |
3. | Амортизация есептеудің қолданылатын әдісіне сәйкес есепті жылдың бөлінбейтін кірісіне негізгі құралдардың құнының ұлғаю сомасын есепке жазу | 5320 | 5410 |
4. | Жарғылық капиталды толықтыруға қайта бағалауға арналған резервті пайдалану | 5320 | 5110 |
Инвестицияларды қайта бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша есептеу сомалары 5320 шотының кредиті бойынша көрініс табады:
Еншілес,тәуелді,бірлесіп бақыланатын және де басқа шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестицияның сомасына | 2310, 2210 | 5320 |
Қаржылық инвестицияларын қайта бағалаудан түскен сомаларына | 1110-1150 | 5320 |
Есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бойынша қайта бағаланған сомасы | 5320 | 5410 |
5320 шотының дебеті ұзақ мерзімді инвестицияның құнының төмендегенін және олардың баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта бағаланған сомасының шегінде мына шоттар корреспонденцияланады:
-ұзақ мерзімді инвестицияның төмендеген құнына 2010-2040 шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі;
-инвестицияның баланстық құнының азайған сомасына 2310, 2210 шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі.
Активтердің басқа түрлерін (шикізаттар мен материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, отынды, дайын өнімді, тауарларды және басқаларын) қайта бағалау операциялары үшін 5320 шотына субшот 5323 «Басқа да активтерді қайта бағалауға арналған резерв» шоты пайдаланылады. Шын мәнінде бұл шот инвестиция-неттосы бойынша бағамның есептен шығарылатын кезеңіне дейінгі айырмасын есепке алу үшін пайдаланылады. Егер де инвестиция –неттосы шет елдегі бөлімшелерге берілсе, бағамдық айырманың жиынтық сомасы ретінде 6250 шоттың кредиті бойынша көрініс табады, ал егер де ол шығыс ретінде танылса, онда ол 7430 шоттың дебеті бойынша көрініс табады.
Егер де доллар бағамы теңгеге шаққанда азайса, онда оның бағамдық айырмасы қаржылық инвестицияның қысқарғаны ретінде бағаланады және ол 5323 шотының дебеті бойынша көрініс табады, ал егер де керісінше болса, онда 5323 шотының кредитінде көрсетіледі.
Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) есебі.
№ | Операциялардың мазмұны | Корр. шот | |
Дебет | Кредит | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Есепті жыл соңында жабылуы: | 5430 | 5410 |
2. | Қайта бағалаудан алынған баға көбеюі: | ||
а) негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестициялар оларды есептен шығарып тастағаннан кейінгі | 5320 | 5410 | |
б) өзге активтерді | 5410 | 5410 | |
3. | Акционерлерден меншікті акциялар сатып алу кезінде алынған айырма: | ||
а) номиналдық құнынан төмен баға бойынша | 5210 | 5410 | |
б) номиналдық құнынан жоғары баға бойынша | 5410 | 5210 | |
4. | Есепті жылдың бөлінбеген кірісінен резервтік капиталға жасалған аударымдарды көрсету | 5410 | 5310,5340 |
5. | Акциялар бойынша дивидендтер есептеу | 5410 | 3510 |
6. | Есепті жылдың бөлінбеген кірісінің қалған сомасын өткен жылдар кірісіне апару | 5410 | 5430 |
7. | Есепті жылдың жабылмаған залалын жабу: | ||
а) резервтік капитал есебінен | 5310,5340 | 5410 | |
б) өткен жылдардың бөлінбеген кірісі есебінен | 5430 | 5410 |
Қорытынды
Қазіргі таңда «Меншікті капитал есебінің» әртүрлі жүйедегі мүмкіндіктері бар. Оларды қалыптастыру кәсіпорындардың көлемінің, қызмет ауқымының әр түрінде қолданыс табуда.
Меншікті капиталдың есебін ұйымдастырғанда бухгалтерия жұмысының қарқынын кеңейту мен кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметіне бақылауды жақсарту және де кәсіпорынды басқаруды дұрыс қолға алуда маңызды болып табылады.
Меншікті капитал қаржылық есеп беруде бірден- бір бөлінбейтін қажет категория. Халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастырылған стандарттау құралы кәсіпорынның қаржылық есеп беруі бухгалтерлік есебі емес. Көптеген отандық бухгалтерлер халықаралық қаржылық есеп стандартын аша отырып, белгілі бір операцияны қалай есептейтінін, алғашқы құжаттарды дайындау және толтыру туралы одан реттеуші құжаттар, нормативтік актілер іздемекші болады. Бірақ, бұл былай емес. Батыстық бухгалтерлер үшін қаржылық есеп инвесторлармен, меншік иелерімен қарым-қатынас жасайтын тіл ретінде маңызды, себебі оларға кәсіпорынның есебі қалай жүргізілетіні, яғни жеңілдетілген режимде немесе журнал-ордерде немесе есептің автоматтандырылған әдісін қолдану-қолданбау маңызды емес. Бухгалтерлік есепті жүргізуде ақпаратты жинау және әзірлеу қағидасы сол қалпы қалады, өйткені халықаралық қаржылық есеп беру стандарты бухгалтерлік есепті жүргізуді реттемейді. Сондықтан да бухгалтерлерге есепті жүргізуде стандарттың әрбір әрібін қатал ұстану міндетті емес. Халықаралық қаржылық есеп стандарты бұл қоғамдық қызығушылықтарды сипаттайтын, қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну тәртібі үшін қажет жүйе. Халықаралық қаржылық есеп стандарты көптеген мемлекеттерде қолданылатын бизнес тілі. Сондықтан да Қазақстанға инвесторлар қажет болғандықтан экономикалық тиімді, ал инвесторлар болса қаржылық ақпаратты халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес ұсынуды талап етеді.
Халықаралық қаржылық есеп стандартының артықшылығына келетін болсақ, біріншіден, оның қабылдауда оңайлылығы, өйткені оны дайындауда әлемдік тәжірибе қолданылды. Екіншіден, халықаралық қаржылық есеп стандартты қолдану кәсіпорынның қаржылық есебінде нақты әділ сандармен құрылады. Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшуде активтерді бағалауда және де қазір пайдалы болып саналатын кәсіпорындар кейін зиянды болулары мүмкін белгілі бір проблемалар туындауы мүмкін.
Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарты халықаралық қаржылық есеп стандартына жақындатылып жасалған стандарт. Тек халықаралық қаржылық есеп стандарты кеңірек, ал ондағы ақпарат толығырақ. Әрине, кейбір стандарттағы терминдерді түсіну қиынырақ және арнайы білімді талап етеді. Бірақ біздің Президентіміздің дамыған елдер қатарына қосылу туралы жолдауын жүзеге асыру үшін біз ол қиындықтардан өтуге дайын болуымыз қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексі.
- Қазақстан Республикасының Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар №2732 Жарлығы.
- «Шаруашылық серіктерстіктер туралы» Заң.
- «Акционерлік қоғам туралы» Заң.
- Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж. 145-148 бет.
- В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж. 25-36 бет.
- Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж. 332-352 бет.
- В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж. 209-212бет.
- О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003. 153-183бет.
- Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.
- К.А. Китебаева «Принципы бухгалтерского учета I,II». Караганда 2006г. С.114-115.
- А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы «Экономика» 2003ж.
- Бухгалтер бюллетені. №3, қаңтар 2006ж.
- Бухгалтер бюллетені. №23, маусым 2006ж.
- Бухгалтер бюллетені. №39, қыркүйек 2006ж.
- Учет и финансы. Л. Продан. Собственный капитал предприятия, его сущность, оценка и связь с финансовой устойчивостью компании. №6, декабрь 2006г. С 21-28.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024