Мереке қарсаңында теңге бағамы әлсіреді

доллар
Фото: express-k.kz

Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 381,01 теңгені құрады. 27 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда (379,94 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 1,07 теңгеге әлсіреді.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 384теңге, Алматыда — 384,4теңге.

Ұлттық Банктің 30 желтоқсандағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 380,44 теңгені құрайды.