Moody’s ForteBank рейтингін көтерді

87
Moody’s
Фото: Kursiv.kz

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz — Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank-тің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін B3-ден B1-ке дейін көтерді.

Агенттіктің сарапшылары рейтингтің жоғарылауы банктің кірістілігі мен соңғы екі жылдағы қаржылық тұрақтылығының жақсаруын көрсетеді деп атап өтті.

«Табыстылықтың өсуі банк бизнесінің өсуі, шығындарды ұстап қалу арқылы тиімділіктің жақсаруына, тарихи проблемалық берешектің қайтарылуына және комиссиялық алымдардың артуына байланысты болды. 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ForteBank активтерінің көлемі бойынша нарықтық үлесі 8% болатын Қазақстандағы екінші ірі банк болып табылады», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, маусым айында S&P Global Ratings ForteBank рейтингісін «В»-тен «В+»-ке дейін көтерді.

«Рейтингтердің кезекті жақсаруы — Қазақстандағы ForteBank-тің нарықтық ұстанымдарын күшейтудің көрсеткіші және біздің клиенттерімізге сапалы қызмет көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік береді», — деді ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.