Мұнай бағасы 25 доллардан төмендеді

214
Baq.kz

Кеше кешкісін Лондон биржасында мұнайдың Brent марткасының құны барреліне 25 доллардан төмендеді. Бір тәулікте мұнай бағасы 15,1% құлдырады.

Күндіз Brent бағасы 2016 жылдан бері тұңғыш рет барреліне 28 доллардан да төмендеген еді. Кешке бұл «рекорд» жаңарып, $24,75 түсті. Соңғы рет мұндай бағам 2003 жылдың мамыр айында болған еді. Сәлден кейін $25,12-ке қайта көтерілді.

Мұнайдың WTI маркасы тұңғыш рет барреліне $21 төмендеді.