Наурыз айында инфляция деңгейі 0,5%-ды құрады

Фото: fingramo.ru

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылғы наурызда инфляция 0,5%-ды құрады, — деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Баға өнеркәсіпте 2,5%,  ауыл шаруашылығы өніміне – 1,3%,  көтерме саудада – 0,3%, құрылыста – 0,1%-ға өсті.

Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтер тарифтері 0,2%, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау – 0,1%-ға жоғарылады, ал байланыс қызметтерге – өзгеріссіз қалды.