Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы іссапары барысында Тараз химия-технологиялық колледжінде болып, Еуропа пен Азияның технологиялар мен қайта өңдеу салаларының арқасында дамып жатқан жетекші елдерінің мысалында балама экономика құрудың маңыздылығы жөнінде атап өтті. Бұл туралы президенттің баспасөз-қызметі хабарлады.
«Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы бес жылында 770 кәсіпорын салынды, тек осы жылдың өзінде ғана 75 нысан пайдалануға берілді. Инновациялық технологиялардың дамуына ерекше көңіл бөлінетін болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Оның айтуынша, тараздық колледждің негізінде қуатты техникалық кластер дамып келеді.
«Елімізге өндіру, сонждай-ақ қайта өңдеу салаларында жұмыс істей алатын инженер-химиктер, білікті кадрлар керек», — деп атап өтті президент.