Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция 3,1%-ға артты

533
даму банктері

Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде негізгі капиталға жұмсалған инвестиция 1 трлн 415,154 млрд теңге болды, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға артық деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

Статистикалық декректерге сүйенсек, инвестициялық салымдар үшін ең тартымды салалар: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу (38,5%), өңдеуші өнеркәсіп (12,9%), жылжымайтын мүлікпен жүрігізілетін операциялар (12,3%).

Инвестициялардың алудың басым көздері: шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты, бұлардың меншікті салмағы 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде 62,3%-ды қамтыды. Мемлекеттік бюджет қаражатының үлесі — 13,4%, банк несиелері — 5% (оның ішінде шетелдік банк несиелері — 0,1%) және қарызға алынған қаражат — 19,3% (оның ішінде бейрезиденттерден алынған қарыз — 15,9%).