Өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,1% құрады

20
Фото: drives.ru

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz – Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды, деп хабарлайды Статистика комитеті.

2018 жылғы қаңтар-шілдеде 2017 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ өнімдері, темекі бұйымдары, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндіріс көлемдері өсті.

Сонымен бірге, көмір және лигниттің өндірісі қысқарды және негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру төмендеді.