Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

1 миллионнан астам қазақстандықтың кредиті бойынша айыппұл мен өсімпұлы кешірілді

1 миллионнан астам қазақстандықтың кредиті бойынша айыппұл мен өсімпұлы кешірілді

Алматы. 13 тамыз. 7kun.kz - 1 шілдедегі жағдай бойынша тұтынушылық кредит бойынша айыппұлы мен өсімпұлы бар 1 млн қазақстандықтың қарызы есептен шығарылады. Оның жалпы көлемі 33,6 млрд теңгені құрады.

ҚР Ұлттық банкінің хабарлауынша ең көбі Алматы — 7.1 млн тенге, Нұр-Сұлтан— 3.4 млн мен ШҚО— 2.8 млн кешірілген. Айыппұл мен өсімпұл банктер есебінен есептен шығарылды.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен кредитке бір реттік жеңілдік жасалады. Оның аясында 1 шілдедегі жағдай бойынша тұтынушылық кредит бойынша өсімпұл мен айыппұл кешіріледі. Сондай-ақ, 3 млн теңгеге дейінгі кредиті бар әлеуметтік жағдайы төмен қазақстандықтардың 300 мың теңгесі мемлекет есебінен жабылады. Мұның аясында 260 мың қазақстандықтың кредиті түгелдей жабылады. Жалпы қарыз жүктемесі  40 % азаяды.

Похожие материалы