Қазақстанда білім беру жүйесін қаржыландыру мәселесі алаңдатарлық жағдайда. 2012 жылдары оның мемлекеттік бюджеттегі үлесі 28,3%-ға жетсе, жыл өткен сайын ол төмендеп келеді. 2015 жылы 16,5%-ға азайып, соңғы 5 жылдағы ең төменгі деңгейді көрсетті деп жазады Forbes.kz.
Білім беру министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында 2015 жылы шешілмеген мәселелердің бар екендігі атап көрсетілген. Мысалы, 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқыту мекемелерінде қамту мәселесі 53,8%-ды құрайды. Яғни бұл сегменттегі мекемелер тапшылығы анық байқалады. Осыған байланысты Ұлттық қордан 17 балабақшаның құрылысын қаржыландыру жоспарланып отыр. Жеке тұлғалар есебінен 2015-2017 жылдары тағы 349 мектепке дейінгі оқыту мекемелері салынбақ. Орта білім беру саласында да осындай жағдай байқалуда: 86 мектепте әлі күнге дейін үш ауысыммен оқытылады. Олардың басым бөлігі яғни 70 мектеп Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. 2016 жылы 23,8 мың оқушыны қамтитын 64 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Дегенмен, оң тұстары да бар. Жаһандық бәсекелестік индексіндегі көрсеткіш бойынша елдегі жоғары білім беру сапасы артып келеді. 2011 жылы Қазақстан ол жерде 112-орынды иеленсе, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 64-орынға көтерілді. Дегенмен, ЖОО-ын мемлекеттік тапсырыс жүйесі бойынша қаржыландыратынын ескерсек, жағдайды тым жақсы деп есептеуге болады. Ол үшін отандық ЖОО-ның талантты балаларды оқыту туралы мемлекеттік тапсырысты орындау арқылы қаншалықты табыс тапқандығына назар аудару қажет. Үкімет 2015-2016 оқу жылдарына арналған білім беру грантын 31 635-тен 32 168-ге дейін көбейтті (дегенмен осыған дейін көрсеткіш 32 788 болады деп хабарланған еді). Дегенмен, тегін оқыту квотасы көбейгеніне қарамастан, мемлекеттік ЖОО-дарына бөлінетін қаржы азайды. Егер өткен жылы 77 университетке 28,3 млрд теңгеден берілсе, осы жылы 66 мекеме 2,5 есе аз яғни 10,3 млрд теңге алған. Мұндай күрт құлдырауды мемлекеттік грант құнын аз бағалай бастауымен түсіндіріледі. Мысалы, Назарбаев университетінде орташа баға 2,622 млн-нан 2,472 млн теңгеге дейін төмендеді. Сондай-ақ, елдегі ұлттық университеттер саны 9-дан 6-ға дейін азайды. Осыған дейін бір маман дайындау үшін мемлекет 2014-2015 оқу жылында орташа есеппен 635 мың теңге төлеген еді. 2015-2016 оқу жылында қазынадан ұлттық университеттен маман дайындап шығу үшін 317 мың теңгеден ғана бөлінеді. Квота алған "қарапайым" университеттер үшін де баға төмендеп, 344,8 мыңнан 2167 мың теңгеге дейін жетті. Дегенмен басқаларына қарағанда Назарбаев Университеті ең көп табыс тапқан. Университеттің жылдық пайдасы 3 млрд теңгені құрайды. Екінші орында - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, үшінші орында - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ. Тізімдегі төртінші орынға гранттағы студенттерді оқыту үшін 740 млн теңге иеленген Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰИТУ, одан кейін 310 млн теңге табыс тапқан ҚазҰАУ орналасқан.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024