Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Азық-түлік тауарларына деген баға өткен айда 0,6 пайыз, азық-түлік емес тауарларына 0,3 пайыз, ақылы қызметтерге 0,8 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Өткен айда бағаның өсуі қиярда 10,5 пайыз, қызанақта 9,8 пайыз, тәтті бұрышта 9 пайыз, қырыққабатта 4,3 пайызға, картоп пен басты пиязда 3 пайыздан, жұмыртқада 1,4 пайыз, сәбізде 1,1 пайыз, консервіленген сүтте 1 пайызға, сары май мен жаңа ауланған балықта 0,8 пайыздан, мәйекті ірімшікте 0,5 пайызға, қой еті мен кондитерлік өнімдерде 0,3 пайыздан белгіленді.
Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына 4,9 пайыз, құмшекерге 3,2 пайыз, күрішке 1,1 пайыз, қара шайға 0,9 пайызға тіркелді.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 0,8 пайыз, автомобильдерге 0,7 пайыз, жуғыш және тазалағыш құралдарға 0,6 пайызға, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тұрмыстық аспаптарға 0,5 пайыздан, киім мен аяқ киімге, жеке қолданатын тауарларға 0,4 пайыздан, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына, шыны және қыштан жасалған өнімдерге, кітаптарға, тоқыма бұйымдарына 0,2 пайыздан құрады. Баллондағы сұйытылған газ 0,7 пайыз, тас көмір – 0,5 пайызға қымбаттады.
Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, көлiк құралдарын сақтандыруға 6 пайыздан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне 1,4 пайыз, жолаушылар көлігі 1,3 пайыз, денсаулық сақтау 1,2 пайыз, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары 0,8 пайыз, қоғамдық тамақтандыру 0,3 пайызға өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 1,9 пайызға, ыстық суға, тұрғын үйді күтіп ұстауға 1,7 пайыздан, қоқыс шығаруға 1,2 пайыз, электрэнергиясына 0,7 пайыз, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 0,4 пайызға жоғарылады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024