Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнетақы активтері мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестицияланады

Зейнетақы активтері мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестицияланады

Зейнетақы активтері мемлекеттік бағалы қағаздарға ғана инвестицияланады. Бұл туралы шешімді Ұлттық Банк  2015 жылғы 9 қарашада қабылдаған, деп хабарлайды ҰБ баспасөз қызметі.

Бұл шешімге  Экономикалық саясат жөніндегі кеңес 11 желтоқсанда қолдау көрсеткен. "Инвестициялық стратегия уақытша болып табылады және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы №342-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттарын айқындау функциясы берілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес шешімдер қабылдағанға дейін қолданыста болады", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде берген тапсырмаларына сәйкес Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқарудың және инвестициялаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындауда. Фото: www.millioner.kz

Похожие материалы